Қазақстан • 29 Наурыз, 2018

Бақытжан Сағынтаев Арал маңындағы балық және азық-түлік өнеркәсібінің дамуымен танысты

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Арал ауданында «Аралтұз» цехтары мен Арал қаласындағы балық өңдеу зауытының мысалдары негізінде балық және азық-түлік өнеркәсібінің даму қарқынымен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Бақытжан Сағынтаев Арал маңындағы балық және азық-түлік өнеркәсібінің дамуымен танысты

Арал маңында балық өнеркәсібі қарқынды дамып келеді. Қызылорда облысында 22 балық өңдеу кәсіпорны бар, оның ішінде Еуропалық Одаққа — 4, Қытайға — 3, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне — 9-ы өнім экспорттайды.

Айта кетейік, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтеріне сәйкес өткен жылы балық және балық өнімдерін экспорттау көлемі $56,5 млн құрады, басқаша айтқанда, қазақстандық балықтың ⅔ экспортқа жіберіледі. Сонымен бірге, Қызылорда облысының экспортқа қосқан үлесі $12 млн асты (3500 т).

Бақытжан Сағынтаев қуаттылығы жылына 6 000 тонна болатын «Арал балық өңдеу зауытының» өндірісімен танысты. Дайын өнім Ресей, Қытай, Польша, Голландия, Германия, Дания, Грузия, Әзербайжан және Өзбекстан нарықтарына экспортталады.

Соңғы жаңалықтар

Құтты мекен – Түгіскен

Руханият • Бүгін, 08:25

Ән аламаны әуеледі

Аймақтар • Бүгін, 08:12

Тобыл өңіріндегі тазалық акциясы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:10