Депутаттар кездесу барысында қазақстандық қоғамды әлеуметтік жаңғыртуға арналған бес президенттік бастаманы шараға қатысушыларға жан-жақты түсіндірді. Әр отбасына, оның ішінде жастарға тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері, еңбекақысы төмен жұмысшыларға салық ауыртпалығын төмендету, жоғары білім алу жөніндегі жаңалықтар мен оның сапасын көтеру шаралары туралы әңгіме қозғалды.
Сенаторлар Б. Әйтімова және Б. Шелпеков Маңғыстау облысық ауруханасындағы жүрек аурулары орталығында болып, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Талғатбек Бапиевпен және облыстық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Мұхановпен кездесті.