Аймақтар • 31 Наурыз, 2018

Мәжіліс депутаттары Павлодар облысына келді

247 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өңірдегі өндірісті Ақсу қаласында Ерсұлтан Бектұрғанов, Жанат Жарасов, Артур Платонов, Мұрат Теміржанов ферроқорытпа зауытының жұмысшыларымен кездесу өткізді. Депутттармен бірге облыс әкімі Болат Бақауов жүрді. 

Мәжіліс депутаттары Павлодар облысына келді

Фото: Айбек Жұматов

Мәжілісмендер кәсіпорын цехтарын аралап, өндірістік жұмыс барысымен танысты. Зауыт әлемдегі ең ірі ферроқорытпа өндірушілердің қатарына алынған. Өндірісте кремний және марганец қорытпалары өндіріледі. Кәсіпорын жұмысшыларымен кездесу кезінде мәжілісмендер Президенттің 5 әлеуметтік бастамасының  мәні мен маңызыдылығын айтып берді. Депутат Е.Бектұрғановтың айтуынша еліміздегі бұл бастама ауқымды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қол жетімді тұрғын үйдің халыққа тиімді болатынын, жыл сайын елімізде 400 мыңға жуық сәби дүниеге келеді, демографиялық ахуал жақсаруда  деп атап өтті. Баспанаға деген қажеттілік өсуде. Елбасы «7-20-25» жобасын ұсынды.

Мәжіліс депутаттары еліміздегі бірлік пен келісім біздің әлеуметтік өсім мен экономикалық даму кепілі екенін жеткізді. Кәсіпорында  әртүрлі ұлт өкілдері еңбек етуде. Әлеуметтік бағдарламалар мен тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы бірлікте. Депутат Жанат  Жарасов өңірлердегі жұмыс сапары аяқталған соң, Елбасы бастамаларын жүзеге асыруға негіз бола алатын заң жобаларын қарастыру басталатынын мәлім етті.

Бұдан кейін депутаттар, Үштерек ауылдық аумағына барды. Мәжіліс депутаты Мұрат Теміржанов «Сергей», «Тимур» ШҚ-ның жұмыстарымен танысты. – Бұл ауылдардың даму деңгейіне жоғары екен. Ауылдықтар үшін барлық жағдай жасалыпты, – дейді.

Артур Платонов ИнЕУ Еуразиялық инновациялық университетте студенттермен, оқытушылармен кездесті. Білім саласына байланысты бірқатар мәселе бойынша пікірлесті. Депутаттар облыс орталығындағы «Батыр Молл» сауда кешеніндегі өрт қауіпсіздігіне қажетті жайлардың бар-жоғын анықтау үшін орталықты аралап көріп шықты. Бұдан кейін «Халыққа қызмет орталығында» болып, жалпы құжат әзірлеуде бір терезенің халыққа тиімді атқарылып жатқан цифрландыру жүйесінің жұмыстарымен танысты.

Павлодар облысында 29 наурыздан, 6 сәуірге дейін 6 депутат облыс орталығында, Екібастұздағы өндіріс орындарын және ауылдарды аралайды.

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»