Аймақтар • 31 Наурыз, 2018

Зырянда Бұқтырма өзені таси бастады

808 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейде Ертіс ернеуінен асса, енді міне Бұқтырма бұлқына бастады. 

Зырянда Бұқтырма өзені таси бастады

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің таратқан мәліметтеріне сүйенсек, Бұқтырма өзені арнасынан асқандықтан Зырян ауданының Зубов кентіндегі бірнеше көшеге су жайылған. Қазіргі уақытта Тоқтаров, Береговая, Лазо және Казаченко көшелерінен үйін су басқан адамдар қауіпсіз жерге көшірілуде.

«Елді мекеннің көшелеріне кезекшілік қойылып, Серебрянск қаласынан 10 өрт сөндіруші келіп жетті. Үйін тастап шыққандар саны әлі анықталған жоқ. Құтқару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Тасқыннан зардап шеккен тұрғындар мектеп базасында құрылған уақытша баспанаға орналасуда. Су басқан аумақта жергілікті полицияның 2 экипажы мен әкімдік өкілдері жүр. Аудандық әкімдік жүргізген есеп бойынша қазірдің өзінде 27 үйге су кірген. Оның төртеуі бос тұрған үйлер. Су алған үйлерді есепке алу жұмыстары да жалғасуда», - делінген департамент таратқан мәліметте.

Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,

Зырян ауданы