Аймақтар • 31 Наурыз, 2018

Аягөзге Ақтөбеден көмек келді

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тасқыннан зардап шеккен Аягөз ауданы тұрғындарына республикамыздың әр аймақтарынан гуманитарлық көмек толассыз келуде. 

Аягөзге Ақтөбеден көмек келді

Енді міне көктемгі қызыл судың беті қайтып, тасқын зардаптарын жою бағытында іс-шаралар жедел қолға алынған тұста Аягөз қаласына Ақтөбе облысынан сол өңірдің басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен құрылысқа қажетті 2 вагон ақ кірпіш пен 1 вагон газоблок жеткізілді.

«Қиналған жандарға қамқор болу, қол ұшын созу – қанымызда бар қасиет. Осы ретте сын сағатта қолдау білдіріп, жәрдемін көрсеткен Бердібек Мәшбекұлына және Ақтөбе халқына Аягөз ауданының тұрғындары атынан алғысымызды білдіреміз», дейді Аягөз аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Медет Мырзыкешов.

Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,

Аягөз ауданы