Қазақстан • 01 Сәуір, 2018

Қазақстан мен Өзбекстанның аграрлық жоғары оқу орындары әріптестік меморандумын жасасты

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ағымдағы жылдың 30-31 наурыз күндері аралығында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Тілектес Есполов бастаған делегация Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механизациялау институты басшылығының шақыртуымен Өзбекстанда арнайы жұмыс сапарымен болды. Бұл туралы kaznau.kz хабарлады.

Қазақстан мен Өзбекстанның аграрлық жоғары оқу орындары әріптестік меморандумын жасасты

Жұмыс сапары аясында өткен кездесуде Қазақ ұлттық аграрлық университеті, ҚазҰАУ жанындағы Агротехнологиялық хаб (AgriTech Hub), Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механизациялау институты, Ташкент мемлекеттік аграрлық университеті бірігіп төртжақты Меморандумға қол қойды. Тараптар арасындағы білім, ғылым, өндіріс интеграциясын дамытуға бағытталған Меморандумға аграрлық жоғары оқу орындарының ректорлары Т.И.Есполов (ҚазҰАУ),У.П.Умурзаков. (ТИАМИ), Б.А.Сулаймонов (ТМАУ) және AgriTech Hub директоры М.К.Бексұлтанов қол қойып, әріптестік байланыстарды жаңа деңгейге шығару жөнінде келісімге келді.

Ынтымақтастықтың басты міндеті – екі мемлекетке де тиімді бірлескен инновациялық жобаларды іске асырып, аграрлық білім, ғылым саласындағы өзара байланысты нығайту үшін AgriTech Hub Uzbekistan орталғын құру. Бұл әріптестік байланыстар Азия Даму банкінің қолдауымен жүзеге асырылатын болады.