Парламент • 02 Сәуір, 2018

Рысқали Әбдікеров: Ауылға баратын маманға қолдауды күшейту керек

544 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назар­ба­евтың бастамасымен жүзе­ге асырылып келе жатқан «Дип­ломмен – ауылға» мем­лекеттік бағдарламасы 2009 жылдан бастап жұмыс істейді. Ол негізінен ауылдық елді мекендердегі кадр жетіспеушілігін жоюға ба­ғыт­талған.

Рысқали Әбдікеров: Ауылға баратын маманға қолдауды күшейту керек

Республика тұрғындары, әсіресе жастар қауымы бұл бастаманы ерекше ықыласпен қабылдаған болатын. Аталған жоба аясында ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақ­тау, бiлiм беру, әлеуметтiк қам­сыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік ке­шен саласындағы мамандарға 70 айлық есептік көрсеткішке тең көтерме жәрдемақы (ол бүгінгі күні 168 мың теңгені құрайды) және 1500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада (ол 3,6 млн теңгені құрайды) тұрғын үй сатып алуға немесе салу­ға бюджеттік несие түрiнде әлеу­меттiк қолдау шаралары көзделген.

Жобаның іске асырылуы мамандардың ауылға көптеп баруын ұлғайтуға мүмкіндік беруде. Мысал үшін айтар болсақ, осы жоба қолға алына бастаған алғашқы кезеңде ауылдық елді мекендерге шамамен 3300 маман барса, қазір бұл көрсеткіш жылына 6000 маманға дейін өсіп отыр.

Дегенмен ауылдық елді мекен­дердің тұрғындарымен кез­десу барысында қабылданып жат­қан қолдау шараларына қа­рамастан, ауылдық аймақ­тар­да әлеуметтік сала мен агро­өнер­кәсіптік кешендерінің ма­ман­дарына тапшылық бар еке­нін байқадық. Бюджеттік не­сие­лер­дің жыл сайын жеткіліксіз бө­лінуі салдарынан ауылға келіп жат­қан мамандар уақтылы ке­зекте тұрып, әлеуметтік қол­дау ала алмауда, бұл өз кезе­гін­­де контингенттің белгілі бір бөлігінде тіпті шиеленіс ту­ғы­зуда.

Біздің ойымызша бұл мә­се­ле бюджеттік несиеге қа­жет­тілікті барынша қамту ар­­қылы ғана шешіледі. Өкі­ніш­­ке қарай, 2018-2020 жыл­дар­ға арналған респуб­ли­ка­лық бюджетті қалып­тас­тыру шең­­берінде жергілікті атқа­ру­шы органдардың бюджеттік өтінімдеріне сәйкес 2018 жылға ар­налған бюджеттік несиелерге нақты қажеттілік 19 млрд тең­ге бола тұра, ол тек 13,7 млрд теңге көлемінде бекітілді. Осын­дай шалалық кімге керек?

Бүгінгі күні ауылдық аймақ­тар­да кадр жетіспеушілігі мәсе­ле­сі бар екені баршамызға аян. Өйткені білікті жас мамандар тұрмыстық жағдайдың жоқтығынан ауылға барғысы келмейді, ал жасы жеткен кадрлар зейнеткерлікке шығуда. Жалпы, еліміздің аймақтары қазір 2006 маманға зәру, оның ішінде білім саласына – 860, денсаулық сақтауға – 768, мәд­ениетке – 101, спортқа – 67 және агроөнеркәсіп кешеніне 153 маман керек. Бір ғана Қарағанды облысы 98 маманға зәру.

Жақында Елбасы «Прези­де­нттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуінде ел игілігіне ар­налған ұтымды жобалар ұсынды. Соның ішінде басым бағыт – ел ертеңі саналатын жас­тарға бағытталған. Осыған орай, «Дипломмен – ауылға» жо­басының аясында жас маман­дарды ауылға тарту арқылы шал­ғай елді мекендердің тамы­рына қан жүгіртуге ар­нал­ған осы бағдарламаны жетіл­ді­ру мақ­сатында: 1.тиісті сарап­шы­лардың қа­ты­суымен монито­ринг жүр­гізіп, бүгінгі таңда ауыл мұқтаж болып отырған ма­ман­дықтардың тізімін жасау; 2. ауылдық жерлерге білікті кадр­­ларды тарту мақ­са­тын­да көтерме төлем­ақы­ның 70 ай­лық есептік көрсеткішін 150 ай­лық есептік көрсеткішке дейін көтеру; 3. аталған жобаға респуб­ли­ка­лық бюджеттен бөлінетін қар­жыны барынша арттыру қажет деп санаймыз. Осы мәселелер Үкімет басшысының атына депутаттық сауал ретінде жолданды.

Рысқали ӘБДІКЕРОВ,

Сенат депутаты