Қытай мен Қазақстан – тату көрші және жан-жақты стратегиялық серіктестер екендігін ешкім жоққа шығара алмайды.
Екі мемлекеттің көшбасшылары – Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Төраға Си Цзиньпиннің басшылығымен қос тарап көптеген табысты және тиімді байланыстарды дамытып, Қытай мен Қазақстан халқының өмірін жақсару мақсатында жұмыстар жүргізуде. Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы мемлекетаралық қатынастарды дамыту және көршілес елдердің өзара іс-қимылы үшін үлгі болады.
Қазақстан Президентінің әлеуметтік бастамалары әлеуметтік-экономикалық салалардың терең дамуына серпін берері сөзсіз. Халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруы елдің даму көрсеткіштеріне әсер ететіндігіне сенімдімін.
Лу КАН,
ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі