Бұл жиын Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты мен Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, «Санкт-Петербург Кәсіподақтар гуманитарлық университеті» атты жоғары кәсіби білім мемлекеттік емес білім мекемесінің Алматыдағы филиалы жанындағы Антиктану орталығы, Ресейдің Екатеринбург қаласындағы М.П.Мусоргский атындағы Орал мемлекеттік консерваториясының ұйымдастыруымен өтті.
Конференцияда Қазақстан кеңістігіндегі шығыстық және батыстық мәдениеттердің өзара қатынастары тарихындағы дінаралық диалог проблемалары мен көне заман, орта ғасыр, жаңа және қазіргі уақыттағы мәдениеттер бірлігі, Батыс өркениетінің мәні мен ерекшеліктері жөніндегі мәселелер кеңінен талқыланды.
Жиынға белгілі отандық және шетелдік ғалым-философтар, саясаттанушылар, дінтанушылар, тарихшылар, мәдениет және білім саласының қызметкерлері қатысты.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ