Бұған «Smart city» жобасы арқылы қол жеткізіледі. Осы мақсатта Қытайдың «CNEEC» мемлекеттік инженерлік компаниясымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бұл компания әлемнің жетпіске жуық мемлекетінде жылу, жел және су электр стансаларын салған. Сондай-ақ, қоқыс өңдейтін зауыттар салу ісінде де жинақтаған тәжірибесі бар.
Сонымен қатар, «Ақлақ» су тоспасында су электр стансасы салу жоспарланған. Мұнда 20-25 мегаваттық су электр стансасын салу арқылы электрэнергиясын жинақтауға болады.
Облыста «Smart city» (Ақылды қала) жобасын жүзеге асыру үшін Қытайдың әлемге танымал «Huawei» компаниясымен өзара әріптестік туралы меморандум жасалған. Жобаның алғашқы бөлігі дарияның сол жағалауындағы салынып жатқан жаңа қалада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде қолға алынады. Осылайша, қала аумағындағы күрделенген түйіндер шешілмек.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы