Қазақстан • 02 Сәуір, 2018

Сенатор оңтүстіктен қоныс аударған жас мамандармен кездесті

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысындағы Май ауданында болған сенатор Манап Көбенов еліміздің оңтүстік өлкелерінен келген жас мамандармен кездесіп, олардың тұрғын жағдайлары және еңбекақы мөлшері жайында әңгіме өрбітті. «Жергілікті билік жұмыс және тұрғын жайға байланысты барлық жағдайды жасады, біз тұрғын үйге қатысты жасалған жағдайға ризамыз, бізге қоныс аударуға байланысты субсидияны мезгілінде төледі.

Сенатор оңтүстіктен қоныс аударған жас мамандармен кездесті

Жас мамандарға, көшіп келушілерге арналған бірнеше мемлекеттік бағдарламалар болғаны көңілге қуаныш ұялатады. Мемлекет басшысының таяудағы бес әлеуметтік бастамасында нақты тапсырмалар берілді, елімізде жыл өткен сайын өмір деңгейі жақсарып келеді», - деді аудан тұрғыны Нұрдана Сауатбек.

Елбасы Н.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын жұртшылыққа түсіндіру аясында депутат аудан активімен кездесуде білім беру, тұрғын үй құрылысы, несие және ипотекалық қарыз беру, салық ауыртпалығын төмендету мәселелерін талқылады.

Парламент Сенатының депутаты М.Көбенов сапар барысында күрделі жөндеуден өткен Мәдениет үйі мен 2017 жылы желтоқсанда пайдалануға берілген 16 пәтерлік тұрғын үйді көрді.

Май ауданының тұрғындары Президент үндеуіне толықтай қолдау білдірді, ал мемлекеттік органдар бүгінгі таңда Елбасының ауқымды әлеуметтік бастамаларын іске асыруға әзір.