Қазақстан • 03 Сәуір, 2018

Электронды сауда қарқын алып келеді

947 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында перс­пективалық сала – электронды (онлайн) сауданы жүзеге асыруға назар аударды.

Электронды сауда қарқын алып келеді

 

Болжам бойынша, елдің электрондық коммерция нарығының көлемі 2017 жылы 189 млрд теңгені құрады. Бұл жалпы бөлшек сауда көлемінің 2,6%-ын және елдегі ІЖӨ-нің 0,51%-ын құрайды. Салада 900-ден астам компания жұмыс істейді.

Электронды сауда саласында 68 мыңға жуық адам, ал онымен байланысты салаларда 677 мың адам жұмыспен қамтылған.

2017 жылы болжамдық деректер бойынша, 74 млн тапсырыс жасалып, 21,9 млн сәлемдеме жеткізілген.

Электронды коммерцияны қолдау және дамыту үшін біздің тарапымыздан тиісті институттық база құрылды.

2017 жылы Премьер-Ми­нистр­дің орынбасары А.Жұ­ма­ғалиев 2018-2020 жылдарға арналған электронды сауданы дамыту жөніндегі жол картасын бекітті.

Жаңа Салық кодексінде 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап электронды сауда саласында алынған табыстардың КТС және ЖТС мөлшерлемесін 0%-ға дейін 2023 жылғы мерзімге азайту бойынша жеңілдіктер көзделген.

Электронды сауда субъек­ті­лері осы жеңілдіктерді алу үшін мынадай шарттарды сақтауы тиіс:

– тауарларды сату бойынша мәмілелерді тіркеу электронды түрде жүзеге асырылады;

– тауарларға ақы төлеу қолма-қол төлемсіз жүзеге асырылады;

– сатып алушының (алушы­ның) өз тауар жеткізу қызметінің болуы немесе жүк тасымалдау қызметімен, курьерлікпен және (немесе) пошта қызметімен ай­на­лысатын тұлғалармен шарт­тарының болуы.

Тауарлардың электронды саудасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші­лер қызметтің жекелеген түр­лерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюға жатады.

Сонымен қатар қызметтің жекелеген түрлерін – тауарлардың электронды саудасын жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретіндегі қызметтің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама негізінде орындалады.

Бұл хабарлама салық органына қызметтің жекелеген түрінің жүзеге асырылуы басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешік­тірілмей ұсынылады.

Осыған байланысты, Ұлт­тық экономика және Қаржы министр­лерінің электронды сау­да қызметінің басталуы, тұл­ғалардың тауарларды жет­кізу, КТС және ЖТС төлеу­ден боса­ту туралы салық заңна­масы­ның нормаларын пайдалану, жүргізілген банктік операциялар және шоттардағы ақша қозғалысы туралы мәліметтерді ұсынуы жөніндегі бұйрықтары жарияланды.

Электронды саудадағы тұты­ну­шылардың құқықтарын қорғау мақсатында тұтынушыларға интернет-ресурстар арқылы тауар туралы ақпарат беру, сондай-ақ тұтынушыларға тауарлардың сапасы, қасиеттері, төлеу, қайтару шарттары және сипаттамалары туралы шынайы ақпарат беруді қамтамасыз ету бойынша сатушылар мен делдалдар үшін міндеттемелерді, сондай-ақ «электронды коммерция», «интернет-дүкен» ұғымын қарастыратын «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңына түзетулер әзірленді.

Институттық ортадан басқа, біз кәсіпкерлердің цифрлы сауат­тылығын арттыру үшін электронды саудаға қызмет көрсетуді дамытудамыз.

«Атамекен» ҰКП ШОБ субъектілерін, сондай-ақ ха­лықты ақпараттық техно­логияларға қызмет көрсетуге, оның ішінде интернетте бизнес құру мен жүргізу саласында консультация беретін, 12 мыңға жуық ШОБ субъектісі оқытылатын «Жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету» және «Бизнес-Кеңес­ші» жобасы құралы аясында базалық цифрлы дағдыларға оқытуды бастады.

Электронды коммерциядағы бизнестің құзіреттілігін арттыру үшін «Қазпошта» АҚ базасында Астана қаласында алғашқы электронды коммерция орталығы (Е-сommerce орталықтары) ашылды. Онда ШОБ-тың онлайн сатуды, төлем құралдарын, логистиканы дамыту және дайын интернет-дүкендерді құру бойынша құзіретін арттыру бойынша қызмет көрсетіледі.

2018 жылғы 20 ақпанда Е-commerce орталығы базасында 140-тан астам ШОБ өкілдері қатысқан «Өз қазақстандық Амазоныңды құрғың келе ме?» тақырыбында оқыту өткізілді.

Бүгінде Е-commerce орта­лығында 40 ірі және шағын интернет дүкендерге қызмет көрсетіледі. Олардағы тауарлық салымы бар жөнелтілімдердің жалпы көлемі 200 мыңнан астам дананы құрайды.

E-commerce орталықтарында кәсіпкерлік сауаттылықты арттыру үшін дайын интернет-дүкен ашу бойынша 1000 қызмет көр­сетіліп, 150 интернет-дүкен ашы­лады. 2018 жылы осындай орталықтар Алматы және Қара­ғанды қалаларында ашылады.

E-commerce орталықтарының базасында АҚШ-тағы Amazon, Қытайдағы Alibaba және басқа жаһандық интернет-алаңдарда тауар сату үшін кәсіпкерлерді дағдылар мен процесстерге оқыту бойынша Экспорт мектебі ұйымдастырылатын болады. Бұл 5000 ШОБ субъектілерін оқытуға және жыл сайын 1,8 млн дана тауар экспорттауға мүмкіндік береді.

2018 жылдан бастап логис­тикалық инфрақұрылымды дамы­ту үшін кем дегенде екі логис­тикалық хаб және сұрып­тау орталықтарын («Fulfillment» орталық) құру жөніндегі жұ­мыстар басталды. Өңделетін сәлем­демелер саны 5,148 млн-нан 6 млн-ға дейін 20%-ға ұлғая­ды деп болжанып отыр. 2017 жылы Қазақстан бойынша жеткізу мерзімі 15 күннен 6 күнге дейін және 2018 жылғы 3 күн­ге дейін, сондай-ақ 50 бағыт бо­йынша жедел пошта арқылы 1 күнге дейін азайтылады.

Электронды сауданы жылжыту және бизнесті тарту үшін ақпараттық-имидждік жұмыс жүргізілуде.

«Ел жүрегі Астана» бір­ыңғай республикалық медиа-жоспары аясында электронды сауданы ақпараттық сүйемелдеу мен оған бизнесті тарту жөніндегі іс-шараларды қамтитын «Технологиялық жаңару және цифрландыру» жеке тақырыптық желісі қарас­тырылған.

«Қазпошта» АҚ 2018 арнал­ған электронды коммерцияны енгізу, интернет-дүкен ашу алгоритмі, онлайн-бизнесті дамыту үшін талаптарды ақпа­раттық сүйемелдеу үшін медиа жоспар, 3 ақпараттық бейнеролик әзірледі.

«Qazaqstan», «Хабар», «Хабар 24» республикалық телеарналарының эфирінде «Электронды форматта қызмет көрсету туралы» атты бейнеролик көрсету ұйымдастырыл­ды. Ол 2018 жылғы қаңтар­дан бастап өңірлік телеарна­ларда көрсетілуде, сондай-ақ әкімдіктердің құрылымдық бөлімшелерінің сайттарында, әлеуметтік желілердегі ЖАО ресми парақшаларында орна­ластырылған.

«Атамекен» ҰКП ағымдағы жылғы 1 тоқсанның аяғында бейнеролик шығаруды жоспарлауда.

Электронды сауданы ынта­ландырудың маңызды бағыты төлем жүйелерін дамыту болып табылады.

Ұлттық банк қолма-қол ақша­сыз айналымдағы комиссияны азайту үшін және жеңілдетілген жедел мобильді төлем тетігін енгізу үшін жедел төлем жүйесін әзірлеуде. Жүйені қанатқақты режімде тестілеу 2018 жылғы тамызға жоспарланып отыр.

Электронды сауда саласын­дағы бұл іс-шаралар ШОБ субъектілерінің әкімшілік шы­ғын­­дарын азайтуға мүм­кіндік береді, тауарларды, жұмыс­тар­ды және қызметтерді интер­нет арқы­лы сатуға деген халық­тың сені­мін арттырады, бизнес­тің құзіретін күшейтеді, оны элек­тронды сауда саласына тар­тып, қолма-қол ақшасыз төлем­дер­дегі комиссияларды төмендетеді.

Осылайша, 2022 жылға қарай 22 мыңға дейін интернет дүкен құру, 83 млн-ға дейін онлайн тапсырыстар санын арттыру, электронды сауда және онымен байланысты салаларда қосымша 200 мың жұмыс орнын құру жос­парлануда.

Бауыржан БЕКЕШЕВ,
Ұлттық экономика вице-министрі