Жиын барысында «BI-Жұлдызай» корпоративтік қорының директоры, қазылар алқасының төрайымы Гүлхан Исабаева фестиваль ағымдағы жылдың 6-24 сәуірі аралығында өңірлерде облыстық іріктеу кезеңдері, 26-28 мамыр аралығында Астана қаласында, республикалық кезең және Гала-концерт 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетінін атап өтті.
«Фестиваль аясындағы байқаулар 6 аталым бойынша өтеді. Олар: вокал, аспапта орындау, ым-ишаратпен орындау, хореография, бейнелеу өнері, көркем-қолданбалы өнер. Қор 2016 жылдан бері спорт бағытын дамытып, білім алудағы ерекше мұқтаждығы бар балаларды саламатты өмір салты мен спортпен айналысуға ынталандыруға ықпал етуі тиіс «Жұлдызай» республикалық спартакиадасын өткізіп келеді. Бұл балалар денсаулығын жақсарту мен оңалтуға оң әсерін тигізуде. Жарыстар елдің барлық өңірінде спорттың 7 түрі бойынша өтетін болады: шағын футбол, үстел теннисі, отырып ойнайтын волейбол, жеңіл атлетика (жүгіру, эстафета), ұлттық спорт түрлерінен жарыс («Бестас», «Асық ату»), голбол, жүзу. Облыстық іріктеу жарыстары өткізілгеннен кейін, қыркүйек айында, Астана қаласының озық спорт алаңдарында республикалық спартакиада өтеді», деді ол.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»