Көрме кешені «үш жапырақ» пішінінде ұсынылған және Біріккен Араб Әмірліктерінің павильоны, сондай-ақ көрме ұғымдарына сай 3 тақырыптық кластер диаметрі 150 метрді құрайтын «Әл-Васл» плазасы орталық нысанының қасында орналасады. БАӘ павильонының жобасын испаниялық сәулетші Сантьяго Калатрава, «Мүмкіндік» павильонын BIG (Bjarke Ingels Group), «Мобильділік» павильонын Foster and Partners, «Тұрақтылық» павильонын Grimshaw Architects компаниялары жасады.
ЭКСПО кешенінің жалпы аумағы 438 гектарды құрайды. Оған 150 гектар көлемінде көрме аумағы, сондай-ақ жерүсті метро стансасы, «Dubai South Mall» сауда орталығы, тұрғын үй, логистикалық және қонақ үй нысандары кіреді. Қазіргі уақытта «ЭКСПО-2020 Дубай» көрмесіне 170 мемлекет қатысатындығын растаса, 55 ел келісімге қол қойып үлгерді.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Дубайдағы Дүниежүзілік ЭКСПО-2020 көрмесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық секциясының бас комиссары, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Аллен Шәйжүнісов пен «ЭКСПО-2020 Дубай» бюросының атқарушы директоры Наджиб Мохаммед әл-Әли де келісімге қол қойды.
«Егемен-ақпарат»