Футбол • 03 Сәуір, 2018

«Астана» мен «Ордабасының» ұпайы түгел. Қазақстан премьер-лигасына шолу

322 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жексенбі күні премьер-лига командалары Қазақстан чемпионатының кезекті турын өткізді. Әр ойынға шаққанда орташа есеппен 2 голдан соғылған екен! Бірінші турда 14, екінші турда 12 гол соғылған еді. Ал бұл турда 11 доп қақпа төрінен табылды.

«Астана» мен «Ордабасының» ұпайы түгел. Қазақстан премьер-лигасына шолу

Үшінші турдағы айшықты жеңіс Астанада тіркелді. Был­тыр­ғы ел чемпионы – «Астана» өз алаңында «Қайсар» командасын қабылдап, Твумаси мен Мұртазаевтың голы арқасында жеңіске жетті. Сөйтіп турнир кестесінде 9 ұпаймен көш бас­тап тұр. «Астананың» ізін ала Шым­кенттің «Ордабасы» командасы келеді. Өткен турда «Ордабасы» Атырауға қонаққа барып, 1:0 есебімен жергілікті клубтан басым түсті. Шымкенттің командасында да 9 ұпай бар, бірақ соғылған голдың «Астанадан» кемдігіне байланысты кестеде екінші орында тұр.

Бұл турдың сенсациялық ойыны бірінші турда жеңіліп, екінші турда тең ойнаған «Ақжайық» пен əлі жеңілістің ащы дəмін татпаған «Ертіс» арасында өткен болатын. Тартысты матчта ойын тағдырын жалғыз гол шешіп, «Ақжайық» турнир кестесіндегі жағдайын біршама жақсартып алды. Чемпионат басталғалы жеңіліп көрмеген «Қайрат» бұл турда «Ақтөбемен» 1:1 есебімен тең ойнап, екі ұпайдан айырылды. Əзірге Алматының командасы үшінші орында келеді.

Көш соңында келе жатқан «Қызылжар» өз алаңында 1:2 есебімен «Тобылдан» жеңілсе, «Жетісу» Астанада «Шахтермен» тең ойнады. Есеп – 1:1.

Үшінші турдың ойындары мынадай нəтижелермен аяқталды:

«Ақтөбе – «Қайрат» 1:1 (1:1), Бато Шелдон, 11 (өз қақпасына) (1:0), Исаэль Да Силва Барбоса, 18 (1:1). «Ақжайық» – «Ертіс» 1:0 (0:0), Иван Антипов, 81 (1:0). «Астана» – «Қайсар» 2:0 (2:0), Патрик Твумаси, 9 (1:0), Роман Мұртазаев 15 (2:0). «Атырау» – «Ордабасы» 0:1 (0:0), Абдуллай Диакате пеналтиден 71 (0:1). «Шахтер» – «Жетісу» 1:1 (1:0), Сергей Шафф, 45 (1:0), Олег Хромцов, 80 (1:1). «Қызылжар» – «Тобыл» 1:2 (1:0), Тимур Мульдинов, 23 (1:0), Таңат Нөсербаев, 53 (1:1), Максим Федин, 79 (1:2).

Үшінші турдың қысқаша статистикалық нәтижелері мынадай:

Үшінші турдың алты ойынын тамашалауға – 14 900 көрермен келді. Екінші турда 20 900 жанкүйер келген-ді. Ең көп жанкүйер «Қызылжар»- «Тобыл» матчында жиналды.

6 000 жанкүйер. Ал ең аз жанкүйер «Шахтер» – «Жетісу» ойынына келді. 700 адам.

Үшінші турдың алты ойынында – 11 гол соғылды. Ең көп гол «Қызылжар» – «Тобыл» матчында соғылды. 3 гол. Ең аз гол «Атырау» – «Ордабасы» және «Ақжайық» – «Ертіс» ойынында соғылды. 1 гол. Екі матчта тең есеп тіркеліп, екеуі де 1:1 есебімен аяқталды.

Үшінші турдың алты ойынында футболшыларға – 19 сары қағаз көрсетілді. Ең көп сары қағазды – «Ордабасы», «Қайрат» және «Қайсар» коман­да­сының футболшылары алды. Әр командаға 3 ескерту жасалды.

Үшінші турдан кейін – бес футболшы 2 голмен мергендер көшін бастады. Олар: Абдуллай Диакате («Ордабасы»), Исаэль Да Силва Барбоса («Қайрат»), Асланбек Кәкімов («Ақтөбе») және Тимур Мульдинов («Қы­зыл­жар»).

Сəуірдің 16-сы күні өтетін төртінші турда мына командалар өзара ойнайды: «Жетісу» – «Қайсар», «Ертіс» – «Астана», «Қайрат» – «Ақжайық», «Ордабасы» – «Ақтөбе», «Тобыл» – «Атырау», «Шахтер» – «Қызылжар».

Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар