Қазақстан • 05 Сәуір, 2018

Матиас Дорнфельд: Бес әлеуметтік бастама Германияның Bauspar жобасына ұқсайды

397 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы наурыздың басында халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға арналған бес әлеуметтік бастамасын жариялады. 

Матиас Дорнфельд: Бес әлеуметтік бастама Германияның Bauspar жобасына ұқсайды

Бұл бастамалар елде бұған дейін қабыл­данған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының және Президенттің биылғы «Төртінші өнеркәсіп­тік революция жағдайындағы даму­дың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында көрсетілген 10 басым міндеттің талаптарымен сәйкес келеді.

Сонымен қатар бұл бастамалар бір жағынан ауыл шаруа­шылығы саласын дамытуға, табы­сы төмен отбасыларды қол­дауға бағытталған.

Бұл бастамаларды барлық қазақ­стандықтарға пайда әкеле­тін теңгерімді бағдарлама деп тануға болады. Ең алдымен, ол тұрғын үй құрылысы мен оны сатып алу үшін тиімді не­сиелік бағдарлама ұсынады. Халық осы арқылы тиімді мүм­кін­діктерді қолданып, яғни  табысы аз болғанымен төмен пайыздық мөлшерлеме арқа­сында өздерінің баспана мәсе­лесін шешіп алуына болады. Бұл Германиядағы Баушпар (Bauspar) жобасына ұқсайды.

Бұдан бөлек, төменгі жал­ақы төлейтін сектордағы қыз­мет­керлердің жоспарланған салықтық жеңілдіктер арқылы жалақысын өсіру де халық үшін игі бастама болып табылады. Мұның нәтижесінде елдегі екі миллион адамға қаржылық қол­дау көрсету жүзеге асырылады. Бұл экономикалық дамуға, қаржы секторының нығаюына ықпалын тигізеді.

Менің ойымша, ең маңыз­ды бастама – сапалы жоғары бі­лім­ге қолжетімділікті арттыру. Бұл қадам жаһандану кезе­ңінде Қазақ­стан экономика­сы­на қа­жет­ті білікті ғалым­дар­­­ды қолдау үшін өте ма­ңыз­ды. Ол, ең алдымен, эконо­ми­ка­ны цифрландыру мен әртараптандыруға қатыса­тын бастаушы инженерлерді да­йындауға арналған.

Сондай-ақ Қазақстан Прези­дентінің бес әлеуметтік бас­тама­­сының ішіндегі төр­тіншісі көп­теген қазақстан­дықтар үшін өте қажет мәселе деп ой­лай­мын. Өйткені бұл бастама­да микро­кредиттеу және өзін-өзі жұмыс­пен қамту үшін қар­жы ресурстарын ұлғайту ісі қамтылған.

Елдің оңтүстігіндегі Қызыл­орда облысынан Астана қа­ла­сына дейінгі газ құбы­ры­­ның құрылысын салу ісі де Н.Назарбаев көтерген бас­тама­лар­дың ішіндегі ма­ңыз­­­дысы деп ойлаймын. Ол Қазақ­­стан­ның газдандырылуын жедел­­­детіп, бірқатар қала­лар­дағы эко­логиялық жағ­дай­дың жақ­саруына әсер етеді.

Қорыта айтқанда, Қазақ­стан Президенті ұсынған, қазақ­­стандықтар үшін аса ма­ңызды бұл бес әлеуметтік бас­таманы игілікті қадам деп есептеймін.

Матиас ДОРНФЕЛЬД,

Потсдам университетінің Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ елдері бойынша сарапшысы (Германия)