Білім • 06 Сәуір, 2018

NIS-Programme оқу бағдарламасы халықаралық GCE A-Level деңгейімен тең деп танылды

707 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Британиялық беделді орган UK NARIC (National Recognition Information Centre) – Ұлыбританияның білім куәлігін тану жөніндегі ұлттық ақпарат орталығы Назарбаев зияткерлік мектептерінің NIS-Programme оқу бағдарламасын халықаралық General Certificate of Education A-Level (GCE A-Level) деңгейімен тең деп мойындады.

NIS-Programme оқу бағдарламасы халықаралық GCE A-Level деңгейімен тең деп танылды

GCE A-Level бағдар­ла­масы әлемнің барлық үздік универ­ситеттерінде мойындалған. Бұл бағдарлама бойынша білім алған түлектерге қосымша емти­хан тапсыру немесе университет­ке дайындайтын Foundation курсын оқу міндеттелмейді. 

NIS-Programme барлық аспек­тілерін, бағалау жүйесін жан-жақты зерделеп, зияткерлік мектептерді ара­лап, Назарбаев зият­кер­лік мектептерінің 12 сыныпты тә­мамдау туралы аттестаты Ұлыбри­танияның GCE A-Level деңгейімен сәйкес келеді деп ұйғардық, деді UK NARIC сарапшылары.
Бұған дейін де зияткерлік мек­тептердің оқу бағдарламасы қазақ­стандық жоғары оқу орындары тарапынан мойындалған. Айта ке­терлігі, мектеп түлектері еліміз­дегі бірқатар ЖОО-да, атап айтсақ, Қа­зақстан-Британия техникалық уни­верситетіне (ҚБТҰ), КИМЭП уни­верситетіне, Қ. Сәт­баев атын­дағы Қазақ ұлттық техни­калық уни­вер­ситетіне (ҚазҰТУ), Алматы менед­жмент уни­вер­ситетіне (AlmaU), Ал­маты энергетика және байла­ныс университеті (АЭБУ), Қ. Жұ­банов атындағы Ақтөбе өңірлік мем­ле­кет­тік уни­вер­ситеті (АӨМУ), Ха­­лық шаруашы­лығы универ­си­те­тіне («Биз­несті әкімші­лен­діру бака­лаврі» мамандығына), Халық­ара­лық ақ­параттық технология­лар уни­вер­ситетіне («Ақпараттық қауіп­сіздік» мамандығына) екінші курс­қа қа­был­дана алады. Сонымен қа­тар Foun­dation курсынан өтпей-ақ Назар­баев Университетінің ба­ка­­лав­риаты атануға мүмкіндік бар. 

Еркежан АЙТҚАЗЫ,
«Егемен Қазақстан»