Іс-шараға Қосылмау қозғалысына қатысатын, сондай-ақ Қозғалыс жанындағы байқаушылар мәртебесін ие 91 мемлекет пен халықаралық ұйымдардан, құрметті қонақтар ретінде шақырылған елдер мен ұйымдардың қатарынан 800-ден астам өкілдер қатысты.
Қазақстан делегациясының басшысы өз сөзінде Қосылмау қозғалысының ауқымды күн тәртібінің маңыздылығы мен өзектілігін, сондай-ақ Қазақстанның ұстанымдары қозғалыстың көптеген мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетінін атап өтті. Министрдің орынбасары Е. Ашықбаев Қосылмау қозғалысының басты қағидаларына айтарлықтай үйлесетін және сай келетін жаппай қырып-жою қаруын таратпау және халықаралық қауіпсіздікті күшейту салаларындағы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың негізгі бітімгершілік және антиядролық бастамаларына назар аударды. Сонымен қатар Қазақстандық дипломат ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз етудің кепілі болып табылатын дінаралық және мәдениетаралық диалогтың дамуына, тұрақты дамудың мақсаттарына жетуіне, әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуына деген Қазақстанның берік ұстанымын атап өтті.
Қосылмау қозғалысының негізгі мақсаты – Халықаралық құқық үстемділігі негізінде әлемдегі бейбітшілік, қауіпсіздік және дамуға жәрдемдесу болып табылады. Қазақстан БҰҰ және басқа да көпжақты құрылымдар шеңберінде және екіжақты форматта да Қозғалыстың барлық мүшелерімен ауқымды күн тәртібі бойынша тығыз қызмет істеуде.