Қазақстан • 09 Сәуір, 2018

Астана және Алматы қалаларында тергеу соттары құрылуда

926 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне (ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне) құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы өткен жылы бекітіліп, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Енді осы заңның 2-бабына сәйкес, 2018 жылдың 1 наурызынан бастап еліміздің он төрт облысы мен Астана және Алматы қалаларында тергеу соттары өз қызметтерін жүзеге асырады.

Астана және Алматы қалаларында тергеу соттары құрылуда

Тергеу ісін сот құзыретіне беру мәселесі Қазақстан Рес­пуб­ликасының 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында кө­рініс тауып, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жос­парында жалғасты. Тер­геу судьясының мақсаты – өзіне қылмыстық қудалау функ­циясын қабылдамай, сот­тың бақылауын жүргізуді жү­зеге асыру. Тергеу судья­сы – қылмыстық про­цес­тегі тараптар мүм­кін­дік­тері теңдігін, жеке адам­ның­ конституциялық құ­қық­тарының сотта қорға­луын, негізсіз айыптаудан және сотталудан, адамның және азаматтар құқықтары мен бостандықтарының заң­сыз шектелуінен қорғау­ды қамтамасыз ететін процес­суал­дық дербес тұлға болмақ.

Қылмыстық-процестік ко­­­­декстің 55-бабында тергеу судья­сының  сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары барысында кездесетін кем­шіліктерді жою үшін оған бір­неше өкілеттік  берілген. Ен­дігі жерде  күзетпен ұстау, үйқамақта ұстау, лауазымнан уақытша шеттету, жақындауға тыйым салу, экстрадициялық  қамақ мерзімдерін  ұзарту, кепілді қолдану, мүлікке тыйым салуды санкциялау  тергеу судьясының құзыретіне берілген. Сондай-ақ күзетпен ұсталынатын адамды сот пси­­хатриялық және /немесе сот-медициналық  сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналас­тыру, бұрын өзіне қатысты күзетпен  ұстау қолданылған адамның психикалық ауру фактісі анықталған  кезде оны ауруларды қатаң оқшаулау жағдайында ұстауға ла­йық­талған психиатриялық кө­мек көрсететін арнаулы меди­ци­­налық ұйымға ауыстыру, мәйіт­ті эксгумациялау, кү­дік­тіге, айыпталушыға халық­аралық іздеу жариялау ­секілді міндет те тергеу судья­сына жүк­телген.

ҚПК-ге толықтырылған 42-1-баптың 1-бөлігіне сай «Қа­зақстан Республикасында қылмыстық сот ісі қағаздағы және /немесе электронды  фор­маттарда» жүргізіледі. Сон­­дай-ақ ҚПК-нің 131­-бабының 4-бөлігінің 6-тар­­мағында: «Жердің шал­ғай­­лығы немесе тиісті қатынас жол­дарының жоқтығы салдарынан, сондай-ақ төтенше жағдай немесе төтенше ахуал жағдайларында адамды тер­геу судьясына уақтылы жет­кізуді қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға жол берілетін жағ­дайларды қоспағанда, адам қылмыс жасады деген күдік бо­йынша – қырық сегіз сағат­тан аспайтын мерзімге, ал кә­мелетке толмаған адам жиыр­­ма сағаттан аспайтын мер­зімге ұстап алынуы мүм­кін», деп  көрсетілген.

Жаңа редакцияда жазыл­ған ҚПК-нің 133-бабы, 2-бө­лігіне сәйкес ұстап алын­ған адамды ұстау орны­ның бас­тығына күдіктіні кү­зет­пен ұстауды санкция­лау ту­ралы сот қаулысы келіп түс­песе, ұстап алынған адам­ды­ ұстау орнының бастығы, осы кодекстің 131-бабының 4-бө­лігінің 1-6 тармақтарында көз­делген жағдайларды қос­пағанда, оны өзінің қау­лысымен дереу босатады және бұл туралы прокурорды хабардар етеді.

Осы орайда, 2018 жылдың екі айында Мұнайлы аудандық сотының тергеу судьясының өн­дірісіне санкциялауға бар­лығы 14 өтінішхат, оның ішін­де 7 күзетпен ұстау бұл­тартпау шарасын қолдану, 3 күзетпен ұстау бұлтартпау ша­расы мерзімін ұзарту, 1 кепіл түріндегі бұлтартпау ша­расын қолдану, 2 тергеу судьясының санкциясынсыз жүр­гізілген тінтуді заңды деп тану туралы, 1 тергеп-тек­серу мәліметтерін алу өті­нішхаттары түсіп, қаралды. 

2015 жылдан бастап іске қо­сылған тергеу судьясының өкі­леттіктері жыл сайын артып, азаматтардың консти­ту­циялық құқықтары мен бос­тандықтарының қылмыстық про­цестік заңның талаптарына сай қорғалуын да жүзеге асыруда.

Бауыржан ЕЛЕМЕСОВ,

Мұнайлы аудандық сотының төрағасы

Маңғыстау облысы