Білім • 09 Сәуір, 2018

ҚазҰУ тұңғыш рет QS Stars – «Төрт жұлдыз» артықшылық белгісіне ие болды

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚазҰУ еліміздің жоғары оқу орындарының ішінде тұңғыш рет QS Stars – «Төрт жұлдыз» артықшылық белгісіне ие болды.

ҚазҰУ тұңғыш рет QS Stars – «Төрт жұлдыз» артықшылық белгісіне ие болды

QS Агенттігінің 2018 жылы жүргізген дербес бағалау нәти­желері бойынша ҚазҰУ «QS Stars Development Road map» халық­аралық рейтингісінің «Төрт жұлдыз» артықшылық белгісін Қазақ­станда бірінші болып иеленген Орталық Азия аймағындағы жалғыз университет болды.

0-ден 5 жұлдызға дейінгі QS рей­тингісі жоғары оқу орын­дары­ның кең ауқымды қызметін бел­гілейтін және университет­тер­дің жоғары халықаралық стан­дарт­тарға сәйкестігін анықтайтын 50-ден астам көрсеткіштерді ке­­шен­ді талдау нәтижесінде анықталады.

ҚазҰУ-ге QS «Төрт жұлдыз» артықшылық белгісінің таға­йындалуы университеттің жоғары халықаралық беделі мен жаһандық ғылыми және білім беру кеңістігінде көшбасшылық орынға ие екендігінің дәлелі. Артықшылық жұлдыздары университеттің мықты тұстарын көрсетеді және серіктестер мен оқуға түсемін деушілерге жоғары оқу орнын таңдауға жәрдемдеседі.

Осылайша, ҚазҰУ бірқатар көр­сеткіштері бойынша «5 жұл­дыз» иеленді, атап айтқанда, білім беру қызметтерін көрсету, ин­тер­национализациялану дең­­гейі, инфрақұрылым және ин­клюзивті білім беру жүйесін дамыту.

ТМД елдерінде QS-тың төрт жұлдызы тек бес университетке берілгендігін атап өту қажет, олар – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Ресейдің төрт университеті.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ