«Қазақстан-2050» Стратегиясына жету жолындағы және «Қазақстан-2025» Стратегиялық жоспарын жүзеге асыруда бұл игі бастамалар өз кезегінде іргетас болатыны анық.
Бұл тұрғыда үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі халық пен үкіметтің арасына үлкен дәнекер, сондай-ақ мемлекеттік саясатты түсіндіруде, қоғамды біріктіруде аса үлкен маңызға ие.
Сонымен қатар біздің институт қоғамдық тыңдауларға, халықпен кездесулерге және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта жұмыс істеу арқылы Президенттің аталмыш Үндеуінің негізгі міндеттерін іске асыруға белсенді қатысу үстінде.
Тұтастай алғанда, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының қазіргі қоғамның ең өзекті деген мәселелерін шешуге ықпалы көп болатыны күмән туғызбайды. Бұған қоса, аталған бастамалар қазақстандықтардың болашағына деген сенімін нығайтатын тағы бір маңызды қадам деп айтуымызға толық негіз бар.
Маргарита ӨСКЕМБАЕВА,
«Тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер институты» қоғамдық қорының президенті