Қазақстан • 10 Сәуір, 2018

Студент: Президенттің 5 әлеуметтік бас­та­масы­ның ішінде студент­тер мәселесі өте өзекті

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттің 5 әлеуметтік бас­та­масы­ның ішінде студент­тер мәселесі де өте өзекті, өйт­кені қазіргі таң­­да көптеген уни­вер­си­теттер жа­тақ­ханамен қамтыл­ма­ған, тіпті қамтылған күнде де жет­кі­ліксіз. 

Себебі жылдан-жыл­ға сту­денттер саны артып келе­ді. Жоғары оқу орындары мен колледждерге арнап жатақхана салуға мемлекет-жекеменшік әріптестігі негізінде девелоперлік компанияларды тартуды ұсыну өте дұрыс шешім деп ойлаймын.

Сонымен қатар Елбасы жоға­­ры білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәсе­лесін көтерді. 2018-2019 оқу жы­лын­да қосымша тағы 20 мың грант­тың бөлінетіні де қуан­тады. Оның ішінде 11 мың грант тех­ни­ка­лық мамандықтарға тие­сілі. Грант­тар санының көбейгені дұрыс, өйткені жаңа экономикада зор сұранысқа ие болатын жаңа мамандарды даярлауға үл­кен мүмкіндіктер береді.

Ақбаян ЖЕКСЕНБАЙҚЫЗЫ,
студент

АҚТАУ