Қазақстан • 10 Сәуір, 2018

Мемлекеттік кірістер комитеті осы жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіштерді жариялады

232 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Мәди Такиев ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіштерді жариялады.

Мемлекеттік кірістер комитеті осы жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіштерді жариялады

«Мемлекеттік бюд­жет­тің салық түсім­де­рінің жоспарын іс­ке асы­ру 106,0 пайыз­­ды құрайды, яғни 1 786,1 млрд теңге салық түсті. Салықтық бақылаудың тиімділігі 100 пайызға өсті. Бұ­дан басқа, Мемлекет бас­шысының тапсырмасы бойынша салықтық тек­серулер санын 37,5 пайызға қысқарту қа­жет. 2017 жылдың со­ңы­на қарай қосымша есеп­телген салықтар сомасы 234,8 млрд тең­­гені, 2016 жылға 554,5 млрд теңгені құ­рады. Сонымен бірге 2017 жылы салықтар мөлшері 33,1 млрд тең­гені, 2016 жылы 22,2 млрд теңгені құ­рады. Жаңа Салық кодек­сінің шеңберінде жос­пардан тыс салық тексе­ру­ле­рінің негіздері қай­та қаралды», деді М.Та­киев.

Сонымен қатар ол тауар­ларды өндіру мен сатуды әкімшілендіру бойынша деректерге де кеңінен тоқталды.

«Этил спиртінің, ал­­коголь өнімдерінің және мұнай өнімдерінің заң­­сыз өндірісі мен айна­лымына қарсы тұ­ру үшін заңсыз айналымды төмендетуге мүм­­кін­дік беретін және сәйкесінше салық­тардың жиналуын кө­бей­тетін есептеудің ба­қылау құралдары (ЕБҚ) енгізілді. Қазіргі уақы­тта, ЕБҚ 18 мұнай өңдеу зауытында және алкоголь өнімдерін өн­­діретін 48 зауытта ор­натылған. Алкоголь өнім­дерінің және мұ­най өнімдерінің өнді­рісі мен айналымы бо­йын­ша деректер нақ­ты уақыт режімінде «НИТ»­ АҚ-тың опе­рато­рына жіберіліп оты­­­рады. Тауарларды таң­балау 2017 жыл үшін мемлекеттік кіріс­тер органдарының ма­ңызды қорытынды көр­­­сет­кіштерінің бірі болып табылады.­ Осы­лайша, 2017 жылдың 27 қарашасында тері бұйым­дарын таңбалау бо­йынша қанатқақты жо­ба іске қосылды. Бұл рет­те, 2017 жылдың 27 қарашасымен 2018 жылдың наурызы ара­лығында Қазақстан Рес­­­­публикасының сау­­да орындарында те­рі­ бұйымдары үшін 221 046 дана бақылау иден­тификациялау бел­­­гілеріне тапсырыс бе­­рілген, бұл ресми ста­тистикалық деректерден әлдеқайда жоғары. Бүгінгі таңда электронды сауданы дамыту қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың дамуына ықпал ететін, кө­леңкелі айналымды қысқартатын және халықаралық сауда­ға кіруге жоғары әлеу­еті бар көкейкесті бағыт­тардың бірі болып та­­­бы­лады. Осыған орай­ 2018 жылдың 1 қаң­­тарынан бастап ин­тернет-дүкендер немесе интернет-алаң­дар арқылы қызметін жүзеге асыратын­ кә­сіпкерлерге: заң­ды­­ тұл­ғаларға корпо­ра­тив­тік табыс салы­ғын төлеуден, жеке кә­сіп­кер­лерге жеке табыс са­лығын төлеу­ден 100 пайызға бо­са­ту түрінде са­лық жеңілдіктері қа­­рас­ты­рылған. Мем­ле­кет­тік кірістер ко­ми­теті көр­сетілетін мем­ле­­кет­тік қызметтерді оң­­тай­­­ландыру және автоматтандыру жолымен рәсімдерді же­тілдіру бойынша жұ­мыстарды ұдайы жүргізіп келеді», деді ол.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»