«Мемлекеттік бюджеттің салық түсімдерінің жоспарын іске асыру 106,0 пайызды құрайды, яғни 1 786,1 млрд теңге салық түсті. Салықтық бақылаудың тиімділігі 100 пайызға өсті. Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салықтық тексерулер санын 37,5 пайызға қысқарту қажет. 2017 жылдың соңына қарай қосымша есептелген салықтар сомасы 234,8 млрд теңгені, 2016 жылға 554,5 млрд теңгені құрады. Сонымен бірге 2017 жылы салықтар мөлшері 33,1 млрд теңгені, 2016 жылы 22,2 млрд теңгені құрады. Жаңа Салық кодексінің шеңберінде жоспардан тыс салық тексерулерінің негіздері қайта қаралды», деді М.Такиев.
Сонымен қатар ол тауарларды өндіру мен сатуды әкімшілендіру бойынша деректерге де кеңінен тоқталды.
«Этил спиртінің, алкоголь өнімдерінің және мұнай өнімдерінің заңсыз өндірісі мен айналымына қарсы тұру үшін заңсыз айналымды төмендетуге мүмкіндік беретін және сәйкесінше салықтардың жиналуын көбейтетін есептеудің бақылау құралдары (ЕБҚ) енгізілді. Қазіргі уақытта, ЕБҚ 18 мұнай өңдеу зауытында және алкоголь өнімдерін өндіретін 48 зауытта орнатылған. Алкоголь өнімдерінің және мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымы бойынша деректер нақты уақыт режімінде «НИТ» АҚ-тың операторына жіберіліп отырады. Тауарларды таңбалау 2017 жыл үшін мемлекеттік кірістер органдарының маңызды қорытынды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Осылайша, 2017 жылдың 27 қарашасында тері бұйымдарын таңбалау бойынша қанатқақты жоба іске қосылды. Бұл ретте, 2017 жылдың 27 қарашасымен 2018 жылдың наурызы аралығында Қазақстан Республикасының сауда орындарында тері бұйымдары үшін 221 046 дана бақылау идентификациялау белгілеріне тапсырыс берілген, бұл ресми статистикалық деректерден әлдеқайда жоғары. Бүгінгі таңда электронды сауданы дамыту қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың дамуына ықпал ететін, көлеңкелі айналымды қысқартатын және халықаралық саудаға кіруге жоғары әлеуеті бар көкейкесті бағыттардың бірі болып табылады. Осыған орай 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап интернет-дүкендер немесе интернет-алаңдар арқылы қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерге: заңды тұлғаларға корпоративтік табыс салығын төлеуден, жеке кәсіпкерлерге жеке табыс салығын төлеуден 100 пайызға босату түрінде салық жеңілдіктері қарастырылған. Мемлекеттік кірістер комитеті көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жолымен рәсімдерді жетілдіру бойынша жұмыстарды ұдайы жүргізіп келеді», деді ол.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»