Аймақтар • Бүгін, 16:48

СҚО-да аудандық сот жаңа ғимаратқа көшті

35 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ.Мүсірепов ауданы, Новоишим ауылындағы аудандық сот жаңа ғимаратқа көшті, деп жазады Egemen.kz.

СҚО-да аудандық сот жаңа ғимаратқа көшті

Аудандық соттың судьялары мен қызметкерлері жарты ғасыр бұрын салынған апатты ғимараттан 1,2 мың шаршы метрлік екі қабатты жаңа ғимаратқа көшті.

Жаңа ғимараттың ашылу рәсіміне Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров пен Солтүстік  Қазақстан облыстық сотының экс-төрағасы, отставкадағы судья Ербол Жанғазин қатысты.

Шараға жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, аудан тұрғындары да куә болды.

Қоныс тойымен құттықтаған Н.Ахметзакиров ғимарат заманауи стильде, сот төрелігін жүзеге асыру талаптарына сай салынғанын және ауданның басқа да әкімшілік ғимараттары мен скверіне жақын орналасқанын атап өтті.

аа

Бұл сотқа келушілер, судьялар мен сот қызметкерлері үшін қолайлы болмақ.

Облыстық соттың алқа төрағасы Алмаз Ибраев, облыс әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев және облыстық соттың бұрынғы төрағасы Ербол Жанғазин жаңа ғимарат аудан орталығының сәулеттік көркіне айналғанына ерекше мән беріп,  бұл қоныс тойды маңызды оқиға деп бағалады.

Олардың айтуынша, жаңа ғимаратта сот процесіне қатысуға, сот ақпаратын жылдам әрі толық алуға барлық жағдай жасалған.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің басшысы Манас Борашев қонақтарға сот ұжымын таныстырып, ғимаратқа экскурсия жүргізді.

аа

Іс-шараға қатысушылар соттың фронт-офисін, сот отырысы өтетін залдарды, конференц-залды, судьялар мен мамандар жұмыс істейін кабинеттерді аралап көрді.

Айта кетейік, ғимаратқа күзет және дабыл жүйелері, кабельдік және телекоммуникациялық желі, бейнебақылау орнатылған. 

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да ғимаратқа кедергісіз кіруі үшін арнайы орындар жабдықталған.