Қазақстандық спортшы кеше 200 метрге брасс әдісімен жүзуде үздік шығып, рекорд жаңартқан еді. Бүгін 50 метрге брасс әдісімен жүзуде жеңімпаз атанды. Аталған қашықтықты Дмитрий 0:27.80 секундта жүзіп өтті. Ал Айбек Қамзенов 0:28.56 секунд көрсеткішімен үшінші орын алды.
100 метрге еркін әдіспен жүзуде Әділ Қасқабай күміс жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ кеше Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде күміс жүлдегер атанған болатын.
Малагадағы жарыс 11 сәуірде аяқталады.