Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша автомобиль жолдары желісін дамыту мақсатында 2018-2020 жылдарға арналған «Жол картасы» әзірленді.
«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының биылғы Жолдауында көлік ағынын тиімді басқаруға және жергілікті маңызы бар жолдарды барынша дамытуды қамтамасыз ету қажет екендігін міндеттеді. Осыған орай, биыл Қызылорда қаласының Сырдария өзенінің сол жағалау алқабын игеру мақсатында көше-жолдары желісін орналастыру үшін облыстық бюджеттен бөлінген 370,5 млн теңгеге 2 жоба бойынша өткен жылы басталған екі магистралды көше құрылысын салу жобасы жалғасады. Шіркейлі каналына көпір салуға қажетті қосымша 706 млн теңге ел қазынасынан бөлініп, биыл құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда. Сонымен қатар, Қазалы ауданының «Әлсейіт» учаскесінде Сырдария өзеніне көпір салу жұмыстары жалғастырылады», - деп хабарлады Ержан Әбдіхалықов.
Сондай-ақ, облыста басқа да жол инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстар жүргізілмек. Нәтижесінде, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткішін 63,5 пайыз жеткізу қамтамасыз етіледі.