Әлем • 11 Сәуір, 2018

Қазақстан сенаторлары Әзербайжан Президентін сайлауға қатысып жатыр

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Парламенті Сенатының бір топ депутаттары бүгін Әзербайжанда өтіп жатқан президент сайлауына мониторинг жүргізуге қатысуда.

Қазақстан сенаторлары Әзербайжан Президентін сайлауға қатысып жатыр

ТМД Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылар миссиясының құрамына сенаторлар Дәурен Әділбеков пен Ерболат Мұқаев енген болатын.  Депутаттар Мұрат Бақтиярұлы мен Манап Көбенов ЕҚЫҰ сайлау үдерістеріне Парламенттік Ассамблеяның атынан барды.  Әзербайжан Милли Меджлисінің шақыруы бойынша Қазақстан Парламентінің жоғарғы палатасының депутаттары Мұратбай Жолдасбаев пен Абдалы Нұралиев та сайлауды байқауға қатысуда.

Сенатор Мұратбай Жолдасбаев әзербайжан бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында азаматтардың көптеп келгені мен дауыс беру үдерістерінде тәртіп бұзушылықтың болмағанын атап өтті. «Сайлаушылардың белсенділігі ерекше назар аударады. Біз болған учаскелерде ешқандай жағымсыз жағдайлар болған жоқ. Сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Атап айтқанда, веб-камераның орнатылуы дауыс берудің ашық өтуіне жағдай жасайды», - деді М. Жолдасбаев.

Сенаторлар Бакуде және елдің түрлі аумақтарында орналасқан сайлау учаскелерінде болуды жоспарлап отыр.