Қазақстан • 12 Сәуір, 2018

ТОМ  Kazakhstan: жауапты іс, жақсы нәтиже

370 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы С.Тор­айғыров  атындағы  уни­вер­ситетте 6-9 сә­уір күндері «ТОМ  Kazakhstan»­ Мейкатон іс-­­ша­­ра­сының  үшінші ке­зеңі аяқталды. Еліміздің әр өңі­рінен  келген 50 өнер­тап­қыштан құралған 10 команда мүмкіндіктері шек­теулі жандарға арнал­ған құрылғылар жасады.­ 

ТОМ  Kazakhstan: жауапты іс, жақсы нәтиже

Олар­дың қатарында сту­дент­тер, оқытушылар, дә­рі­герлер, инженерлер, робот-техника, ІТ  маман­да­ры бар. Мақсат – 10 мүм­­кіндігі шектеулі жан­ның тұрмыстық жағдайын жақ­сар­тып, қимыл-қозға­лыс­тарын жеңілдету үшін көмек беру.

Жалпы, Мейкатон ТОМ әлеу­мет­тік шарасының географиясы жыл сайын кеңейіп келеді. Бұл­ шара 2014 жылдан бері АҚШ, Аргентина, Ұлыбритания, Израиль, Брази­лия, Канада, Вьет­нам елдерінде өтіпті. Ал, 2017 жылы біздің елімізде алғаш рет  қол­ға алынды.

Жоба еліміздегі «Тель-Авив­ уни­верситеті достарының қауым­дас­тығы», облыс әкімдігі мен­ С.Торайғыров атындағы мем­­ле­кеттік университеттің қол­­дауы­мен жүзеге асырылуда. Сонымен қатар ERG (Еуразиялық Топ), «КЭЗ» АҚ қолдау көрсетуде. Ал, қауым­дастықтың вице-прези­денті Сәния Арапованың айтуын­ша, университетте  өткен шарада мү­­гедек жандардың қимыл-қоз­ға­лыстарын жеңілдетуге ар­нал­ған құрылғыларды 10 қаты­су­шы команда 72 сағаттың ішін­­де құрастырып шығуы керек.­ Осы  марафонға қатысқан ко­ман­­далар сурдо-ақпаратты дауыстап жеткізе алатын «Ақыл­ды қолғап», «Көзі көрмейтін және көру қабілеті нашар адам­дар­ға арналған белбеу-навигатор», «Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған адамдардың аяқ бұл­­шық еттерін жаттықтыруға арналған емдік тренажер» және басқа да құралдары  ұсыны­лыпты. Құрал-жабдықтар сатып алу­ға 3 миллион теңгедей қаржы жұм­­салған.

Сөйтіп Мейкатонның 2-ші кезе­ңі барысында мүгедек жан­дарға көмектесу үшін бағасы қол­­­жетімді әрі пайдалы түрлі құ­­ралдар, құрылғы жасау, бұл құ­ралды жасауға мүмкіндік туғы­затын көшірме прототиптер да­­­йындалды. Осы жолы өт­кен Мей­­­катонның ерекшелігі де сол, көшірмелерді жасау ба­ры­­­сында инженерлерге мүм­кін­­дігі шектеулі адамдар өз­дері көмектесті.  Жасалған құ­рал­дар­ олардың күнделікті тір­лігін­ жақсарту үшін қажет. Нә­ти­же­сінде бұл көшірме-про­то­тип­тер пайдалы әрі қолжетімді құ­­­ралдарға айналады, ал, мейкерлер командасы табысты стартап-жобасы бар әлеуметтік кәсіпкерлерге айналады. Бұл жолы тірек-қозғалыс аппараты бұ­зылған және көру қабілеті нашар адамдардың ғана емес, есту қабілеті зақымданған жан­дарға да көмек көрсетілді. Үшін­ші ке­зеңінде мейкерлер жа­саған құ­ралдардың барлығы мүге­дектерге тарту етілді. Жаңа жоба­ларды  таныстыру рәсіміне облыс әкімі Болат Бақауов қатысты.

Сонымен бірге бұл жолғы Мей­ка­тонға келген TOM GLOBAL өкілі Лекса Левт мүм­­кін­дігі шектеулі жандарға ар­нал­­ған құрылғылар әлемдік на­рықта өте қымбат.  Сондықтан біз­дер өткізетін мейкатонның мақ­саты  –  қолжетімді, сапалы құ­рал жасау. Жауапты іс  жақсы нәтижелер береді. Бұл жоба мү­гедек жандарға көмектеседі деп се­немін, дейді.

TOM: Tikkun Olam Makers – мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сапасын жақсартуды мақсат ететін мүмкіндігі шектеулі жандар (need-knowers – нид-ноуерлер) мен өнертапқыштарды (makers – мейкерлер) байланыстыра­тын ғаламдық қозғалыс. Жо­ба­­­ның мәні – мүгедек жандар­дың адамдардың өмірін жақ­сар­ту. Мысалы, Алматы агротехни­ка­лық университетінің студент­ ин­же­нерлері сал ауруына шал­дыққан балалар ғана емес, ересектер үшін көшеде жүруге ың­ғайлы үш аяқты велосипед жасап шықты. Мұндай велосипедтер нарықта бар болғанымен олар тек  балаларға арналған көрінеді. Та­ғы бір алматылық «Кid robotics» командасы есту және сөйлеу қабі­летінен айырылған мүгедек жанға «ақылды қолғап» жасады.  Асқар Әскеровтің айтуынша,­ ерекше «ақылды қолғап»  құ­рыл­ғысы сөйлей алады, ыммен көрсетілген белгіні сөзбен жет­кізеді. Сурдо-ақпаратты да­уыс­тап жеткізе алады, есту қа­білеті нашар адамның не айт­қысы келгенін түсінуге болады. Өнертапқыштар «ақылды қол­ғапты» есту қабілеті нашар жан­дар қоғамында жұмыс істейтін Дмитрий Вилюновқа арнайы жасапты. Шараға қатысушы  Бе­рік Сағитжановтың айтуынша, ша­рада  ерекше көзге түскен «ақыл­ды қолғаптарда» жазылған сөздер мен мәтіндерді түсініп, үйрену үшін әр функцияны мү­гедек адам  жаттап алуы керек. Та­ғы бір қа­ты­сушы Жұлдыз Тәш­­кенбаева екі дөңгелекті  ве­­­ло­сипедті  үш дөң­гелек етіп жасадық, тепе-теңдік сақ­та­ла­ды. Өнертапқыштардың өз­де­рі жасап-құрастырған құрыл­ғы­­ларын жүзеге асырып, қолда­ныс­қа енгізуіне мүмкіндік береді, дейді.

Былтыр қарағандылық  студенттер жасаған  экзоскелет жобасы арбада отырған  Валентина Толмачованың бүгінде өздігінен жүруіне себепкер болса – ол Мей­­­катонның бір нәтижесі. Бұл құрылғылар  мүмкіндігі шек­­теулі жандардың өмір сапа­сын жақсартып, сенімділікке же­те­лейді.

– Сіздер жай ғана про­то­тип-көші­ріме әзірлеп отыр­­­ған жоқ­­­сыз­дар. Сіздер мү­ге­дек жандар­дың өмірін жақ­сар­туда өзгелерге үлгі болып, қоғамдық сананы өзгертіп жатырсыздар. Кедергіге ұшы­раған адамдардың өмірін жақ­сартудасыздар, – деді  Сәния Арапова  мейкерлерге.

– Барлық идеялар мен баста­малардың жүзеге асарына сенім­дімін. Бұл жобалар тағдыры күр­де­лі адамдардың  өмір сүруіне ашыл­ған жол, – дейді университет ректоры Гауһар Ахметова.

Иә, мүмкіндігі шектеулі жандар бізбен бірге  бір қоғамда өмір сүруде. Бірақ, оларды сирек көреміз. Өз бетімен аяқ киімінің бауын байлап, тамақ іше алмай, заттарын қол созып ала алмай­ды, көшеге шыға алмайды. Олардың өзгелер секілді өмір сүруі, жұмыс істеуі қаншалықты қиын екені айт­паса да түсінікті. Ал, ондай жан­дарға кімдер көмек бермек деген сауалға Мейкатон ТОМ Kazakhstan ұйымдастырған  әлеу­меттік маңызы бар шара ой са­лары  сөзсіз

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы

Суреттерді түсірген Валерий БУГАЕВ