Аймақтар • 13 Сәуір, 2018

Қараоба қорғанынан табылған құндылықтар

697 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Амангелділіктер үшін ке­ле­сі жағымды оқиғаның бірі – А.Иманов атындағы ме­мориалдық мұражай қо­ры құнды жәдігермен то­лықты. Өткен жылы «Ха­лық қазынасы» рес­пуб­ликалық ғылыми-зерттеу институты аудан терри­то­риясында орналасқан ес­керткіштерге барлау жұ­мыстарын жүргізген болатын. Мақсаты – Тор­ғай даласын мекендеген тай­па­лардың материалдық мә­дениеті мен жерлеу ғұрып­та­рын зерттеу еді. 

Қараоба қорғанынан табылған құндылықтар

Экспедицияны мате­ри­ал­дық-техникалық тұр­ғыдан қам­­тамасыз етіп, қар­жы­лан­ды­ру­шы танымал меценат Сапар Ысқақов. Нә­тижесінде зерттеуге ауданға қа­рас­ты Қарасу селолық окру­гі­­нің аумағындағы Қа­ра­­оба қорғаны мен зираты таң­дап алынып, экспедиция аман­гелділіктердің көмегімен жұ­мысқа кірісті. 

Қараоба жерлеу кешені үш нысаннан тұрады. Алғашқысы биіктігі 8 метр, диаметрі 70 метр болатын жерлеу қорғаны. Бұл қорғанның үстіңгі бөлігінде тоналғандығын дәлелдейтін люктің ізі бар. Қалған екі нысан топырақтан үйілген биіктігі шамамен 2 метр, диаметрі 40 метр шағын көлемді екені анықталды. 

Археологиялық зерттеу осы кіші екі қорғанға жүргізілді. Қазу жұмыстарының нәтижесінде үшінші нысанның орталық бөлігіндегі жерлеу шұңқырының 5 метр тереңдігінде катакомба (сағына) түріндегі лақат кездесті. Зираттың үстіне орналастырған тас, не болмаса конструкция кездескен жоқ. Бұл зираттан жақсы сақталған адам бас сүйектерінің жоғары және төменгі бөліктері, қабырға жамбас, бұғана сүйектері шықты. Ұң­ғыма шұңқырларды қазу ба­рысында жылқы сүйектері, ке­ра­­мика қалдықтары, ағаш пен те­мірден жасалған бұйым­дар­дың фрагменттері табылды. 

Керамика ыдыстың қабыр­ға­ларына ешқандай өрнек салын­ба­ған.Темірден жасалған бұйым тот басқандықтан өте нашар сақталған. Ал ағаш фрагменттері ше­ге есебінде пайдаланылған бо­лу керек.

Сол сияқты формасы жарты шең­бер тәрізді сары металдан жа­салған әшекей сырға табылды. Зерттеуші ғалымдардың құ­жат­­тары бойынша нысандағы зерт­теу барысында табылған ар­те­фактілер мен басқа да заттар б.э. д. І мыңжылдықтың аяғы деп топшыланды. 

Осылай Қараоба кешенінен та­былған жәдігерлерге Уфа қа­ла­сында ғалым А.Нечволода реконструкция жасады. Қазба кезінде табылған артефактілер: алтын сырға, құмыра сынықтары және Сармат дәуіріне тән жас жігіттің қалпына келтірілген ба­сы қорға тапсырылды. Са­пар Ысқақов осы Қараобадан та­­былған әйел адамның да бас сүй­егіне өз қаржысымен ре­кон­­струкция жасатып осында табыс етпекші. Бүгінде му­зейді та­машалаушыларға те­мір дәу­ірі­нен сыр шертетін құн­ды жә­дігерлер көпшілік көзай­ы­мына ай­налды.  

Сахан ТӨЛЕНОВ,
музей директоры

Қостанай облысы, 
Амангелді ауданы