Парламент • 16 Сәуір, 2018

Сенаторлар кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі заң жобасын қарады

60 реткөрсетілді

Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Заң жобасының мақсаты – бизнес ортаны жақсарту мен кеңейту, кәсіпкерлерге әкімшілік кедергілерді қысқарту және ауыртпалықты азайту аясында заңнамалық базаны жетілдіру.

Заң жобасы мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін реформалауға, ақпараттық құралдарды реттеуді және реттеуші әсерді талдау тетігін жетілдіруге, табиғи монополия субъектілері мен квазимемлекеттік сектор көрсететін міндетті қызметтерді реформалауға, сондай-ақ бәсекеге кедергі жасайтын нормаларды алып тастауға бағытталған.

Одан басқа, заң жобасымен бизнес шығындарын жаппай төмендету және «Doing Business» рейтингінде Қазақстан жағдайын жақсарту жөніндегі шаралар көзделіп отыр.

Заң жобасымен бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Сондай-ақ профилактикалық бақылауды қамтитын мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың жаңа жүйесі ұсынылады. Мәселен, іріктеу тәртібімен жүзеге асырылатын тексерулердің орнына негізгі айырмашылығы әкімшілік іс жүргізуді қозғамастан құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен алдын алу болып табылатын профилактикалық бақылаудың жаңа институты енгізіледі. Осыған байланысты, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске көрсетілген функциялармен және әкімшілік іс қозғау жөніндегі уәкілетті органдардың құзыретімен ұштастырылған тиісті өзгерістер енгізіледі. Бұл ретте, субъектіге (объектіге) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау тәуекелдерді бағалау негізінде жүзеге асырылатын болады.
Заң жобасы аясында бақылаудың жиырма саласы мен бірқатар бақылау функциялары қайталанушы және тиімсіз ретінде алып тасталады.

Сонымен қатар, заң жобасымен жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті қызметтерді көрсету жөніндегі табиғи монополия субъектілері мен квазимемлекеттік кәсіпорындардың жұмысын реттеу жөніндегі ережелер енгізіледі. Атап айтқанда, Үкіметке осындай көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту жөніндегі, ал экономика саласындағы уәкілетті органға оларды көрсету тәртібін айқындау жөніндегі құзырет беретін ереже көзделді.

Мемлекеттік реттеу құралдарын сапалы бағалау үшін заң жобасымен жергілікті деңгейдегі және орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының барлық шешімдеріне реттеуші әсерді талдау рәсімін қолдану, сондай-ақ бизнеске әсер етуді бағалауды күшейту ұсынылады.

Қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында тексерулердің нәтижелері туралы актілерге шағым жасау жөніндегі апелляциялық комиссия институты енгізіледі.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Әдеби өлкетану» - жаңа жоба

Аймақтар • Бүгін, 09:30

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • Кеше

Ұқсас жаңалықтар