Әлем • 17 Сәуір, 2018

Асқар Мамин қытай бизнесмендерімен кездесу өткізді

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасына барды. Сапар аясында А.Мамин бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында ірі қаржы, өндіріс, көлік-логистика корпорацияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Асқар Мамин қытай бизнесмендерімен кездесу өткізді

– Қазақстан Президенті Н.На­зарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің арқасында екі ел арасында жоғары деңгейдегі ын­ты­мақтастық орнады. «Нұр­лы жол» және «Ұлы Жібек жо­лы экономикалық белдеуі» бағ­дар­ламалары Қазақстан мен Қытай ара­сындағы инвестициялық қа­рым-қатынастарға жол ашады, –деп атап өтті кездесу барысында А.Мамин.

Премьер-Министрдің бі­рін­ші орынбасарының Бейжіңдегі кез­де­сулерінде Export and Import bank of China, China Construction Bank, Industrial and Commercial Bank of China Limited сияқты ірі банктердің басшыларымен инвестициялық жобаларды қар­жыландыру мәселелері талқы­ланды. Сонымен қатар Қазақстан аумағы арқылы транзиттік кон­тейнерлік тасымалдау көлемін ұлғайту, «Қорғас-Шығыс қақ­пасы» индустриялық хабын дамыту, кеденде жүктерді есептеудің жаңа технологияларын енгізу, сондай-ақ Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы қызметтерін жетілдіру мәселелері де қаралды. 

А.Мамин Ляньюньган қа­ла­сының мэрімен осы қаланың порты мен Қорғас бекеті арасындағы бірлескен терминалды дамыту мәселесін талқылады. Сонымен қа­тар іскерлік кездесулер аясында, «Gener Tec» компаниясымен бірлесіп Қазақстандағы автомобиль құрастыру жұмыстарын да­мыту, «China National Building Material Group» компаниясымен бірлесіп шыны зауыты жоба­сын жүзеге асыру жолдары қа­рас­тырылып, мұнай-химия, энергетика, кен өндіру компанияларымен келіссөздер жүргізілді.