Қазақстанның барлық аймақтары тәрізді Қостанай облысы үшін де тұрғын үй мәселесі ең өзекті проблемалардың бірі. Біздің қоғамдық қабылдауға келушілердің дені осы мәселеге байланысты алаңдаушылықтарын білдіріп жатады. Енді Президенттің бастамасы арқылы еңбек өнімділігі артады, мамандар тапшылығы азаяды, жұмыс сапасы жақсара түседі деп есептеймін.
Ал салықтық жеңілдіктер арқылы жұмыс істейтіндер есебін нақтылауға да мүмкіндік туындайды.
Біздің Қостанай облысы шекараға жақын орналасқандықтан мектеп түлектерінің Ресей Федерациясының көршілес облыстарының жоғары оқу орындарын таңдайтыны қынжылтатын. Оқушылармен сөйлесе келе, олардың ресейлік оқу орындарындағы тегін білімнің қолжетімділігі мен жатақханамен қамту жағдайы қызықтыратындығын білдік. Енді Елбасының тың бастамасы дарынды балаларымыздың отандық оқу орындарына қызығушылықтарын арттыратындығына сенімдімін.
Ал шағын несиелер санының артуы ауылдағы ағайындардың өз кәсібін ашып, тұрмысын түзетуіне ықпал ететіндігіне күмәнім жоқ.
Жалпылай алғанда, Президенттің бес бастамасы бүгінгі сұранысқа сай келетіндігі қуантады.
Екатерина СМЫШЛЯЕВА,
«Қостанай облысының Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақ бірлестігінің төрайымы