Инвестициялық жобаның құны 800 миллион долларды құрайды. Қазір Ресейдің Екатеринбург қаласындағы жобалық институтта оның жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Өндіріс Магнитогор металл комбинатының қажетіне кен жіберу мақсатында жұмыс істейтін болады. Ал Рудныйдағы байыту фабрикасы тек «Арселор Миттал Темиртау» компаниясының қажетін ғана өтемейді, ол Қытайға өнім шығаруға бағытталған.
Жалпы алғашқы тоқсанның қорытындысы бойынша, экномиканың барлық салалары бойынша көрсеткіштер көңілден шығады. Өнеркәсіптің физикалық көлемінің индексі 113,1 пайызды құрады, ал ол ауыл шаруашылығында 105 пайыз. Негізгі капиталдағы инвестиция физикалық көлемі индексі 131 пайыз. «Қостанай минералдары» АҚ асбест өндіруді өткен жылдарға қарағанда 5-10 пайызға арттырған.
Нәзира ЖӘРІМБЕТ,
«Егемен Қазақстан»