Аймақтар • 17 Сәуір, 2018

Ақсулық зауыт ферроқорытпаның 35 млн тоннасын шығарды

629 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

(ERG)  Еуразиялық Топ құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ  филиалы Ақсу ферроқорытпа зауыты ферроқорытпаның 35 миллиондық тоннасын қорытып шығарды.

Ақсулық зауыт ферроқорытпаның 35 млн тоннасын шығарды

Фото: Ирина Сычина

Металлургиялық зауыт хром, кремний, марганец қорытпаларын өндіреді. 35 миллиондық тоннаны қорытудың №2 балқыту цехының 21-пеш бригадасы орындады. Қорытпа зауыттан шығып шетелге жіберіледі. Жапонияда, Кореяда, Қытайда, Еуропада, АҚШ-та және Ресейде сұранысқа ие. 

Компания 3,7 млн тонна тауарлы хром кенін, 320 мың тонна марганецті кенін және жылына 1,4 млн тонна ферроқорытпа өндіреді. «Қазхром» ТҰК» АҚ төрт құрылымдық бөлімше-филиалдардан тұрады: Дөң тау-кен байыту комбинаты (Ақтөбе облысы, Хромтау қ.), «Қазмарганец» кен басқармасы (Қарағанды облысы), Ақсу ферроқорытпа зауыты (Павлодар облысы) және Ақтөбе ферроқорытпа зауыты (Ақтөбе облысы). Компания қызметкерлерінің саны 19000 адамды құрайды.

- Еуразиялық Топтың инвестиялық саясаты Ақсу ферроқорытпа зауытының әлемдік нарықтағы көшбасшылығын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Өндірісті жаңғырту жұмысы тұрақты түрде іске асырылуда, - дейді зауыт директоры Сергей Прокопьев.

35 миллиондық қорытпа өндірген күні Мымбай Тулев, Валентин Киреев және Қадырбай Бақраденов және басқа да зауыт ардагерлері іс-шараға  шақырылыпты. Қорытпа феррохромның мерейтойлық кесегі зауыт музейіне табыс етілді. Бүгінде ERG феррохром өндіру жөнінен және темір кенін жеткізуші әлемдік компанияға айналды. Еуразиялық Топ әлемдегі алюминий шикізатын өндіруші компаниялардың ондығына кіреді.

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Ақсу қаласы ,

Павлодар облысы