Күнделікті жұмыс апары барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек халықаралық «Сайран» автовокзалының ғимараты мен оның айналасын және «Саяхат» автобекетін аралап көрді. Мегаполис басшысы «Сайран» автовокзалының көптен бері халықаралық деңгейге сай еместігін, сондықтан қайта жөндеп, менеджмент моделін қарастыру қажеттігін атап өтті.
Алматыда «Туризмді дамытудың 100 қадамы» жол картасы аясында қала сервисі мен оның инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыс одан әрі жалғасуда. Осыдан бірнеше күн бұрын ғана «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірге «Алматы-1» және «Алматы-2» вокзалдарын реконструкциялау мен қызмет сапасын жақсарту барысында біріккен жоспар қабылданған еді. Дегенмен, мегаполистің автомобиль вокзалдарының жағдайлары қанағаттанғысыз болғандықтан жаңартуды қажет етеді.
Бүгінгі күні «Сайранның» вокзал алды айналасында бірқатар құрылыстар бар, кеңестік модернизм стилінде салынған ішкі әрлеудің элементтері мен ғимараттың сыртқы келбеті бұрынғы бейнесінен біршама айрылған, соның салдарынан архитектуралық бірегейлігін жою қаупі бар.