Қазақстан • 18 Сәуір, 2018

Қызылор­да­дағы он жасар жазушы

564 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылор­да­да он жасар жазушы Алтынай Беріктің «Ерте­гілер» кітабы жа­рық көрді.

Қызылор­да­дағы он жасар жазушы

Қызылорда қа­ласындағы №267 мектептің 6 сынып оқу­шы­­сының та­лан­ты ертерек танылған. Жеті жасынан бас­тап ойлы су­рет­терімен таңғал­дырған жеткіншек өлең, ертегі және әң­гіме жаза бастаған екен.

Алтынайдың жүрек лүпілі танылып тұратын шығармалары республикалық басылым беттерінде жарық көре баста­ғаннан оған оқырмандар ерекше назар аударған еді.

Қаршадай қыздың әдебиетке талпынысы Мемлекет басшысын да тебірентіп, 2014 жылы «Қазақстан жолы» кітабы сыйға тартылды. 2016 жылы Елбасы Алтынайға шығармашылық табыс тілеп, Алғыс хатын жіберді. Өзінің ізгі тілегі жазылған, қолтаңбасы қойылған «Еуразия жүрегінде» кітабын сыйға тартты.

Балаларға балалардың тілімен жазу керек. Жас болса да өз тұстастарына арнап жазып жүрген Алтынайдың бұл тұр­ғыда жөні бөлек. Айтқандай, он жасар жазушының «Ертегілер» топтамасы ұлт руханиятының жанашыры, облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қолдауымен жарық көрді.

Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы