03 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1350

283 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2011 жылғы 17 қараша,     Астана, Үкімет Үйі «Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы №523 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы №523 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасында: 32-тармақта: 2) тармақша алып тасталсын; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) люмфомер;»; 5-тармақшадағы «аспабы.» деген сөз «аспабы;» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) рульмен басқару және ілгіштің детальдарында люфтілерді тексеру тестілері.»; 33-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) М1, N1, O2 санаттары үшін білікке түсетін барынша жүктемесі 2 тоннадан кем емес;»; 41-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «8) қоршаған ортаға әсер етумен байланысты факторлар: шу; пайдаланылған газдар; сұйықтықтардың ағуы.». 2. Осы қаулының 1-тармағының 2013 жылғы 1 қаңтардан бастар қолданысқа енгізілетін жетінші және сегізінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.