Фото: Ашық дереккөз
Денсаулық сақтау саласының мамандарының хабарлауынша, елдегі эпидемиологиялық жағдай бақылауда. Қызылшаға қарсы вакцинация Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес барлық өңірде жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр.
«Елімізде қызылшаның алдын алу үшін қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке қарсы біріктірілген вакцина қолданылады. Бұл вакцина 10 жылдан астам уақыт бойы 1 жас және 6 жастағы балаларға жоспарлы иммундау аясында салынып келеді. Мамандардың айтуынша, препарат өзін қауіпсіз әрі тиімді құрал ретінде дәлелдеген. Сонымен қатар аталған вакцина әлемнің көптеген елінде кеңінен пайдаланылады», делінген ведомство хабарламасында.
Енді қызылшаға қарсы вакцина міндетті: Астана ауруханаларына бала қабылдау ережесі өзгерді
Вакцина өндірісі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан сертификатталған. Бұл оның халықаралық сапа, қауіпсіздік және тиімділік стандарттарына сай екенін растайды.
Қазіргі таңда Қазақстанда осы вакцинаны қолдануға байланысты ерекше асқынулар немесе әдеттен тыс реакциялар тіркелмеген.
Мамандар тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған мәліметтерге ермеуге шақырады.
Қазақстанда вакцина алудан бас тартқандар саны 3,8 есеге өсті