Қазақстан • 18 Сәуір, 2018

Өскемендегі Ворошилов көшесіне Жақия Шайжүнісов есімі берілуі мүмкін

1017 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік алғанымызға 30 жылға жуықтаса да Өскемен көшелері Киров, Орджоникидзе, Дзержинский, Ворошилов секілді кеңестік қызыл көсемдердің есімдерінен құтыла алмай-ақ келеді. 

Өскемендегі Ворошилов көшесіне Жақия Шайжүнісов есімі берілуі мүмкін

Дегенмен бұл бағытта алға жылжу барын да жоққа шығаруға болмас. Жақында Өскемендегі 21 көшенің аты ауысатындығын газетімізде жазған едік. Енді міне жуырда қалалық әкімдік өкілдері облыс орталығындағы үлкен көшелердің бірі Ворошилов көшесіне ұлағатты ұстаз, 40 жылдан астам уақыт Көкпектідегі балалар үйін басқарған Жақия Шәйжүнісов атын беру жөнінде «Казгипроцветмет» ЖШС мен «Ұзақ жасау белсенділігі орталығы» әлеуметтік бастамалар қорынан ұсыныс түскенін хабарлады.

Айта кетейік, Жақия Шәйжүнісов 1914 жылы Абай ауданының Құлменді ауылында дүниеге келген. 1933 жылдан 1938 жылға дейін бұрынғы Семей облысындағы Көкпекті балалар үйінде оқу ісінің меңгерушісі, 1938 жылдан демалысқа шыққанша осы балалар үйінің директоры болған. Социалистік Еңбек Ері, Ленин ордені, “Құрмет белгісі” ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. «Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі» құрметті атағының иегері.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20