«Ас – адамның арқауы» деп кішкентайымнан естіп өскен адам ретінде, тамақ жемесе адамның күші болмайды, жұмыс істеуге, өмір сүруге энергиясы жетпейді деп ойлайтынмын. Бірақ астың да асы бар, оның пайдасы мен зияны туралы шынайы да, өтірік те, ойдан құрастырылған да әңгімелерді көп естіп, кейде білмегендіктен сеніп те қалып жүреміз.
Бірақ ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, зерттеу мен тәжірибе нәтижелеріне сүйеніп жасалған қорытындыларға, тіпті дамыған елдерде де құлақ аспайтыны жасырын емес. Жақында дәрігер Майкл Грегердің «How not to die» деген кітабын оқып, тағамға, жалпы өмір сүру салтыма деген көзқарасыма түбегейлі өзгерістер әкелді. Біраз нәрсені бұрынан да біліппін, көбінесе үзік-үзік әр жерден, кейде бір-біріне қарама-қайшы нәрселерді оқып, естіп, кейбірін ойға түйіп жүретінмін. Соның әсерінен соңғы жылдары тамақтану әдебіме біраз өзгерістер енгізгеніммен, кейбір әдеттер көбінесе уақытша болып, бұрыннан қалыптасқан тамақтану салтыма орала беретінмін.
Майкл Грегердің осы кітабын оқып отырып, мемлекеттің тамақтану саласында да өз саясаты, белгілі бір ұстанымдары болуы керектігіне көзім жетті. Халыққа саламатты өмір салтын ұстануды, дұрыс тамақтануды насихаттауды жан-жақты жүргізу өте маңызды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адам кем дегенде күніне сегіз мың қадам жасауы керек, оған қоса күніне кем дегенде 400 гр жеміс пен көкөніс жеу керек, ал қабылданатын тұз бес грамнан аспауы керек деген кеңес береді. Бұл ақпаратты білгенімізбен түрлі себептермен кеңеске құлақ асуға мүмкіндік болмайды немесе аса мән бермейміз.
Майкл Грегер – танымал дәрігер. Ол кітабында адамдардың жиі ауыратын он бес ауруын сипаттайды және осы аурулардың алдын алу үшін адам қалай тамақтануы керек екеніне тоқталады. Дәрігердің атап өткен ауруларының ішінде жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек аурулары, диабет, гипертония, қатерлі ісік, депрессия мен Паркинсон ауруы да бар. Ауруды тамақ мөлшері мен түрін өзгерту, оған қоса дене шынықтыру жаттығуларын қосу арқылы жеңуге болады дегенге сенесіз бе? Кітапты оқып болған соң, сене бастадым.
Тамақ ішу әдебін өзгерту аурудың алдын алып қана қоймайды, оған қоса кейбір аурудың әрі қарай дамымай тоқтауы үшін де септігін тигізеді екен. Бұл осы уақытқа дейін жүргізілген мыңдаған зерттеулер мен тәжірибелердің нәтижесінде жасалған қорытынды. Мысалы, жеміс-жидекті аз жеудің салдарынан жылына бес миллион адам, ал тұзды өте көп пайдаланудан төрт миллион адам көз жұмады екен. Олар тұзды аз жейтін халық бар ма деп іздеу салып, Амазон джунглиінде мекендейтін яномамо тайпасын табады. Сөйтсе олар әлемдегі тұзды ең аз қолданатын халық екен. Әрине олардың «майға қуырылған картоп, ащы соустағы тауық қанаттары» деген сияқты тамақтарды жемейтіні, арақ-шарапты ішпейтіні де айтылған. Бұл тайпаның адамдары ешқашан гипертониямен ауырмаған. Ғалымдар неге бар мәселе тұзда деп шешкен? Оған көптеген мысалдар келтіреді. Соның бірі, 1940 жылдары Кемпер деген дәрігер күріш және жеміс-жидек диетасын ұстатып, пациенттерінің жоғарғы қан қысымын төмендеткен, яғни тұзсыз диета және май мен ақуызы аз өсімдік диетасын ұстатқан. Сөйтіп көп адамның өмірін сақтап қалған. Ол кезде әлі қан қысымын төмендететін дәрілер ойлап табылмағанын айта кетейік. Осы кітапты оқығанға дейін тұзды шамадан тыс көп қолдану қан қысымын көтеретінін білмеген екенмін. Ал сіз ше? Автордың деректері бойынша, адам тұзды көбінесе ірімшік (сыр) арқылы алады, балалар мен жасөспірімдер үшін ең көп тұз пицца арқылы келсе, елуден асқандарға – нан, ал 20 мен 50 жас аралығындағы адамдар үшін тауық екен.
«Тұзды, майлы, тәтті тағамнан қалай бас тартуға болады?» деген сұраққа дәрігер бір-екі аптаға осы тағамнан бас тартыңыз, сонда сіздің дәм сезгіш рецепторларыңыз өзгере бастайды дейді. Ащы нәрсені жеуден бас тарту үшін негізгі үш нәрсе жасауды ұсынады. Тағамды дайындап жатқан кезде де, кейін де тұз қоспаңыз, үшіншіден, дайын немесе жартылай дайын тағамды қолданбаңыз. Тұзсыз тамақты көп адам жей алмайды. Сондықтан тұздың орнына сарымсақ, пияз, бұрыш сияқты дәмдеуіштерді қолдануға болады.
Кітап авторы спортпен шұғылдануға және көкөністер мен жеміс-жидектерді, бұршақ дақылдарын, жаңғақ-дән, жарма түрін, дәрілік шөптер мен дәмдеуіштерді (жалбыз, қалампыр, ақжелкен, куркума, зығыр, сарымсақ, зімбір т.с.с) күнделікті ас мәзіріне қосып отыруға кеңес береді. Дұрыс тамақтану бағытында шығып жатқан басқа кітаптардан ерекшелігі – қай ауру неден туындайтынын және қандай азық-түлік қай аурудың алдын алуға көмектесетінін жете зерттеген. Оған қоса дәрігерлер мен ғалымдардың қорытындыларына қарамастан, тағам индустриясының адам денсаулығына зиянды нәрселерді әлі де шығарып, жарнамалап, сатып жатуының себептеріне тоқталып өтеді. Әрине бұл зерттеулердің бәрі АҚШ-та және басқа елдерде өткізілген ғой дерсіздер. Бірақ одан мәселе өзгермейтінін айтқым келеді. Өйткені біз – әлемнің бір бөлігіміз. Балаларымыз бен жасөспірімдеріміз қалада күнде самса, пицца немесе дөнер, қуырылған картоп, көп мөлшерде нан немесе кока-кола сияқты өнімдерді де көп ішіп-жейді. Сондықтан ақылмен таразылайық. Не тұтынып, балаларға не беріп жатқанымызды сараптайық. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген кеңесті ұмытпайық. Денсаулық – зор байлық, оны сақтау өз қолымызда.
Бақытгүл САЛЫХОВА,
педагогика ғылымдарының кандидаты
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы «Grand Slam» турниріне қатысады
Спорт • Бүгін, 16:15
Қарағанды облысында құлағы үсіген ер адам ауруханаға түсті
Қоғам • Бүгін, 16:14
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Бүгін, 16:14
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Бүгін, 16:13
Атырауда қоршаған ортаға 1 млрд теңгенің залалы келгені анықталды
Аймақтар • Бүгін, 15:57
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 15:52
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Бүгін, 15:44
Әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтердің 91%-ы цифрландырылды
Қоғам • Бүгін, 15:36
Жаттықтырушылардың кәсіби мерекесі 7 сәуірде атап өтілуі мүмкін
Спорт • Бүгін, 15:30
«Теңізшевройлдан» экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл өндірілді
Аймақтар • Бүгін, 15:23
Бір тәулік ішінде қар құрсауында қалған 132 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 15:18
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсету үшін арнайы орталықтар ашылады
Қоғам • Бүгін, 15:08
Қазақстанда көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленеді
Қоғам • Бүгін, 15:01
Шымкентте 1 сәуірден бастап оқушылар мен студенттер үшін қолма-қол төлем 100 теңге болады
Аймақтар • Бүгін, 15:01
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Вакцинациядан кейінгі иммунитет, электронды паспорт жайлы не білеміз?
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Алматылық студенттің ғылыми жобасы халықаралық байқауда бағаланды
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Бүгін, 14:27
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Бүгін, 14:25
Сенат Үкімет сағатының қорытындысы бойынша 20-дан астам ұсыныс дайындады
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Бүгін, 14:05
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Бүгін, 13:40
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Бүгін, 13:21
Шығыс Қазақстанда 2100 орындық 3 мектеп салынып жатыр
Білім • Бүгін, 12:58
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Бүгін, 12:49
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Бүгін, 12:41
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Бүгін, 12:40
Елорда әкімі оңалту орталықтарын кеңейту туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 12:28
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Бүгін, 12:24
«Antiparacraft-2021»: Студенттер жемқорлыққа қарсы квест өткізді
Аймақтар • Бүгін, 12:14
Алматыда армиялық қоян-қолтық ұрысынан Қарулы Күштердің чемпионаты аяқталды
Спорт • Бүгін, 12:04
Алматыдағы NIS Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады
Қазақстан • Бүгін, 11:56
Ш.Қалдаяқовтың өмірі жайлы мюзиклдің премьерасы өтеді
Театр • Бүгін, 11:54
Түркия туристер үшін ПТР-анықтама талабын ұзартты
Әлем • Бүгін, 11:53
«Рақымшылық жасау туралы» заң жобасы талқыланады
Қоғам • Бүгін, 11:51
Алынған зейнетақы жинақтарынан жеке табыс салығы қалай ұсталады?
Қаржы • Бүгін, 11:39
Дәрігер болу үшін – жүректілік пен мейірім керек
Медицина • Бүгін, 11:32
Шымкентке биыл 330 млрд теңгеден астам инвестиция тарту жоспарлануда
Аймақтар • Бүгін, 11:25
«Nur Otan»-ның Партиялық бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:21
Алматыда мектепке дейінгі білім берудің өзекті мәселелері бойынша кеңес өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:19
СҚО ПД бастығы халықпен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 11:17
Бейбіт Атамқұлов қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығының өкілдерімен кездесті
Экономика • Бүгін, 11:11
Банк тонамақ болған күдіктілер ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:04
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Қазақстан • Бүгін, 11:00
Елімізде сұйытылған газдың бағасын уақытша реттеу тоқтатылады
Қазақстан • Бүгін, 10:57
Парламентаризм институтының директоры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:39
Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады
Президент • Бүгін, 10:36
Сирек кездеседі, бірақ жалғыз емес: Орфандық аурулар туралы не білеміз?
Медицина • Бүгін, 10:32
Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Бүгін, 10:30
Нұрлан Нығматулин: Мәжіліс депутаттары тауар белгілері туралы халықаралық келісімді қарайды
Парламент • Бүгін, 10:21
Ана мен баланы әлеуметтік қолдауға қанша қаражат бағытталды?
Қоғам • Бүгін, 10:17
Кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлықтан қорғау мәселесі талқыланды
Қоғам • Бүгін, 09:58
Алматыда Крылов атындағы балалар кітапханасы жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 09:56
Қытайға бару үшін виза беру мүмкіндіктері талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 09:41
Бүгін Нұр-Сұлтан және Көкшетау қаласының оқушылары қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:34
Шымкенттік ұстаз «даму» қоры арқылы оқу орталығын дамытқан
Білім • Бүгін, 09:30
Қазақстандықтар наурыз айында қанша күн демалады
Қазақстан • Бүгін, 09:28
Ахметжан Есімов БАӘ-нің әл-ауқат қорының басшылығымен кездесті
Экономика • Бүгін, 09:23
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 09:21
Коронавирусқа тағы 51 адам шалдықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
Қазақстан-Қытай арасындағы консулдық консультациялардың 19-шы отырысы өтті
Саясат • Бүгін, 09:17
ҰБТ тапсыру ерекшеліктері «Ашық есік» күнінде талқыланды
Білім • Бүгін, 09:16
«Өрлеуде» инклюзивті білімге арналған курс ұйымдастырылды
Білім • Бүгін, 09:12
Астана мен Ақмола облысындағы оқушылар қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:08
Ұқсас жаңалықтар