Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Өңдеуші өнеркәсіп одағының баспасөз конференциясын өткізді. Іс-шараға, одақ басқармасының төрағасы Марат Баққұлов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Қуаныш Бишімов, «Қазақстанның фармацевтік және медициналық өнім өндірушілер қауымдастығы «Қазақстанның Фарм МедИндустриясы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, одақ басқармасының мүшесі Руслан Сұлтанов, «Қазақстан Республикасы жиһаз және ағаш өңдеу өндірісі кәсіпорындарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті, одақ басқармасының мүшесі Игорь Проценко, одақтың атқарушы директоры Әділбек Бектібаев қатысты.
Өңдеуші өнеркәсіп одағына «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында тіркелген алты салалық бірлестік кіреді. Өндеуші өнеркәсіп одағы машина жасау кәсіпорындарын және машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика, лифт, жиһаз, целлюлоза-қағаз және орау өнеркәсібі салаларында әртүрлі жоғары технологиялық өнімдерді шығарумен айналысатын 243 компанияны біріктіретін алты салалық ассоциацияны біріктірді.
Заңды тұлғалар бірлестігі Қазақстан экономикасына қомақты үлес қосқан компанияларды нығайтты. Олардың ішінде танылған флагмандар – «Alageum Electric» АҚ және «ASTANA Ютария ltd» өндірістік инновациялық компаниясы» ЖШС. Басты мәселе: неге біз бірігуіміз керек болды? Елдің экономикалық дамуы өңдеуші өнеркәсіп секторын жаңғыртусыз мүмкін емес», деп атап өтті М.Баққұлов.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»