03 Желтоқсан, 2011

Талапқа сай жұмыс

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шымкент қаласының Нұр­­сат шағын ауданында «Оңтүс­тікмемсараптама» еншілес мем­­­­­­­лекеттік кәсіп­ор­нының жа­­ңа ғимараты ашыл­ды. Жаңа офис ком­панияның өз қар­жы­сы есебінен тех­никалық жа­ғынан толықтай жарақтанды­рылған. Ғимарат­тың жалпы алаңы 817 шаршы метрді құрайды. Осылайша, «Мемсараптама» РМК мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жүйе­сінің қызметін жетілдіру бағ­дарламасы шеңбе­рінде өзінің материалдық-тех­никалық ба­за­сы мен аумақтық бөлім­ше­лерінің өндірістік ин­фрақұ­рылымдарын жоспарлы түрде дамытуда. Бұл сияқты жұ­мыстар бюджет қаржыла­рын немесе өзге де инвести­ция­лар­ды тартпай-ақ «Мемсараптама» РМК мен оның бөлім­шелерінің заңды белгіленген қаржылық жина­лымдары есебінен жүргі­зілуде. Өткен жы­лы Атырау­дағы еншілес кәсіп­орын мен Алма­ты­дағы оң­түс­тік филиал жа­ңа қоныс тойын тойласа, жыл со­ңына дейін тағы бес офис пайда­лануға берілмек. Ал ал­дағы 2012 жылы 8 ғимарат іске қосылатын болады. Біздің таяу уақыттағы мақ­сатымыз жобаларға сараптама жасауды толықтай элек­тронды пішінге көшіру болып табы­латындықтан, бар­лық бө­лім­шелер заманауи компьютерлік техникамен және бағ­дар­ла­малық жаб­­дық­таулар­мен қам­та­ма­сыз етіледі. Ал­дағы жылы «Астанамемсараптамада» ол қа­натқақты жо­ба ретінде бас­талып, 2014 жылға қарай барлық бөлім­шелер то­лық­тай көшірілетін болады, деп атап өтті «Мемсараптам» РМК бас дирек­торы Бірлік Ережепов. «Егемен-ақпарат».