Самұрық-Энергоның қаржылық көрсеткіштерінің жақсаруына өндірістік қуат көздерін оңтайлы жүктеу, өндіріс көлемін ұлғайту және электр энергиясын сату, соның ішінде экспортқа шығару арқылы қол жеткізілді.
)аңтар-наурызындағы кіріс 73,6 млрд. теңгеден асты, бұл ретте энергия өндіретін жетекші кәсіпорындар – ЕГРЭС-1 мен ЕГРЭС-2 электр энергиясын белгіленген шекті тарифтен төмен бағамен бәсекелестік ортада сатуда.
Есепті кезең ішінде 9 млрд. кВтсағ. электр энергиясын өндіру қамтамасыз етілді, бұл былтырғы жылдың деңгейінен 23%-ға жоғары. РФ-ға экспорттау көлемі 84%-ға ұлғайып, 1,627 млрд. кВтсағатты құрады. Көмір өндіру 11,7 млн. тоннаға жетті, бұл 2017 жылдың дәл осындай кезеңінен 16%-ға жоғары. Жылу энергиясын өндіру мен сату көлемі жоспарлы көрсеткіштер шегінде қалды.
«Самұрық-Энерго» АҚ аса ірі электр-энергетикалық холдинг болып табылады, оның акциялары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға 100% тиесілі. Электр станцияларының белгіленген қуаты 6,8 гигаватты немесе БЭЖ-дің жиынтық қуатының 31%-ын құрайды.
2017 жылдың қорытындысы бойынша жалпы болып 28,6 млрд. кВтсағ. өндіріліп, Самұрық-Энергоның электр энергиясын өндіру секторындағы үлесі 24-тен 28%-ға артты. Топ құрамындағы компаниялар былтыр Қазақстанда жасыл электр энергиясының әрбір үшінші кВтсағ. өндірілуін қамтамасыз етті.