Саясат • 19 Сәуір, 2018

Қырғызстан президенті Үкіметті отставкаға жіберді

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков «Қырғызстан Республикасы Үкіметінің отставкасы» туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Қырғызстан президенті аппаратының ақпараттық саясат бөлімі.

Қырғызстан президенті Үкіметті отставкаға жіберді

Президент Жогорку Кенештің Қырғызстан Үкіметіне сенімсіздік білдіруіне байланысты Қырғызстан Республикасы Конституциясының 85-бабы 6-бөлігі, «Қырғызстан Республикасының үкіметі туралы» заңының 13-бабы 1-бөлігі 5-тармағын басшылыққа ала отырып, Қырығызстан Республикасының үкіметін отставкаға жіберді.

Жарлыққа сәйкес, министрлер кабинетінің жаңа құрамы құрылғанған дейін Премьер-Министр, вице-премьер-министрлер, Үкімет мүшелері бұрынғы қызметтерін жалғастыра береді. Президенттің Жарлығы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.