Кеше Астанадағы Конгресс-Холл сарайында Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы басталды. Мәдениет министрлігінің қолдауымен, «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қорының» демеушілігімен өткізіліп отырған бұл шараның мақсаты – мәдениетіміздің баға жетпес асыл мұрасы ретінде айтысты халыққа жан-жақты насихаттап, оның дамуына мемлекеттік деңгейде қолдау көрсету, болашақ ұрпаққа айтыс өнерінің қадір-қасиетін ұғындыру, поэзия арқылы мемлекеттік тілдің арнасын кеңейтіп, дамыту мен насихаттау.
Айтысқа еліміздің барлық аймақтарындағы дүлдүл айтыскерлермен бірге, үлкен сахнаға енді ғана шығып жүрген дарынды ақындар, сонымен қатар Қытай, Моңғолия, Қырғызстан елдерінің таңдаулы айтыскерлері қатысып, өз өнерлерін ортаға салуда.
Бимен басталып, әсем әнмен өрілген сахна төріне шыққан айтыстың жүргізушісі Жүрсін Ерман: «Қазақ жұртының тарихы азаттық жолындағы күрестерге толы болды. Бабаларымыздың арманы орындалып, Қазақстан көк байрағын желбіретіп, әлемдегі ең айтулы мемлекеттердің қатарына қосылғалы да, міне, 20 жыл толып отыр. Ақындар айтысының осы мереке қарсаңында ұйымдастырылуы тегін емес. Өйткені, сонау ақтабан шұбырынды, оның арғы-бергі жағындағы өткен уақыттардың бәрінде азаттықты, тәуелсіздікті ақындардай жырлаған, ақындардай аңсаған ешкім болған емес» дей келіп, сахна төріне шыққан 40-тан астам айтыскерді таныстырып өтті. Содан кейін сөз алған көрнекті қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өтейін деп отырған аламан айтысқа біраз тоқталып, айтыскер ақындарға бәтуалы батасын берді.
Үш күнге жалғасатын аламан айтысқа Мырзатай Жолдасбеков бастаған танымал қоғам қайраткерлері – Сейіт Қасқабасов, Асанәлі Әшімов, Өмірзақ Айтбаев, Фариза Оңғарсынова, Бекболат Тілеухан, Несіпбек Айтұлы қазылық етеді.
Берік САДЫР, Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.

Шымкентте Конституциялық референдумды қолдау коалициясы іске кірісті
Ата заң • Бүгін, 16:41
2026 жылы 20-дан астам мұнай-газ учаскесі сатылымға шығады
Экономика • Бүгін, 16:22
Елдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылайтын онлайн-карта іске қосылды
Медицина • Бүгін, 16:17
Мектептерде есеп беру үшін өткізілетін форумдар мен жиындар саны қысқарады
Мектеп • Бүгін, 16:08
Алматыда жаңа Конституцияның мәні мен референдум алдындағы міндеттер талқыланды
Саясат • Бүгін, 15:55
Түркістан облысының өкілі Жапониядағы ХХ Азия ойындарында төрелік етеді
Спорт • Бүгін, 15:52
Жалған диагноз рәсімдеу: Әскерден жалтарғандарға қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 15:38
Болжамдар нақтылана түспек: «Қазгидромет» суперкомпьютерді пайдалана бастады
Қоғам • Бүгін, 15:28
Маңғыстауда жаңа Конституцияның негізгі бағыттары талқыланды
Ата заң • Бүгін, 15:18
Әрбір оныншы сынамадан ауытқу анықталды: Алматыда ауа сапасы нашарлап бара ма?
Экология • Бүгін, 15:03
Қырғызстан президенті Тәшиевті неліктен қызметтен алғанын түсіндірді
Әлем • Бүгін, 15:00
Bloomberg-тен CNN-ге дейін: Әлемдік БАҚ Алматыны үздік 25 қаланың қатарына қосты
Туризм • Бүгін, 14:54
«ҚазМұнайГаз» компаниясы геологиялық барлау жүргізуге ерекше ден қойды
Президент • Бүгін, 14:33