19 Сәуір, 2018

Науырзым қорығында дала өрті ауыздықталды

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысындағы Науырзым ауданының Қарамеңді селосындағы №14 өрттен сақтау бөлімінің байланыс бекетіне  Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы басшылығынан дабыл түсті. 

Науырзым қорығында дала өрті ауыздықталды

Қорық қызметкерлері қау боп кеткен құрғақ шөптерді өртеген. Бірақ  желдің күшеюі нәтижесінде от бақылаудан шығып, қорық аумағының «Ақбұлақ» шатқалына ауысты. Дала өртіне ұласқан. Қостанай облысы бойынша «Қазгидромет» РМК филиалының Қарамеңді селосындағы метеостанциясының мәліметі бойынша, Науырзым ауданында желдің жылдамдығы 19 м/с жеткен.

Өртті сөндіруге 128 адам және 26  техника, тағы да  күш пен құралдар қатыстырылды. Соның ішінде тідсіз жауды ауыздықтауға Қостанай облысының ТЖД, жергілікті атқарушы органдар мен қорықтың ерікті өртке қарсы құрылымдары тартылған.  

Өрт шамамен   500 гектар жерді  қамтыған.  Әйтеуір, орман алқабына қауіп және жарақат алғандар мен құрбандар болған жоқ. Кешке қарай тұтанған отты түнгі 23 сағат 45 минутта түгел сөндірген.   

Өрт орнында Қостанай облысының ІІД жедел-тергеу тобы жұмыс жүргізіп жатыр.  Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің «Өрт қауіпсіздік талаптарын бұзу» деп аталатын  292-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазқстан»

Қостанай