Аймақтар • 20 Сәуір, 2018

Оңтүстікте ХҚКО арқылы 10 миллионнан астам қызмет көрсетілді

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 34 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.

Оңтүстікте ХҚКО арқылы 10 миллионнан астам қызмет көрсетілді

Орталықтар 2 жыл ішінде 10 миллионнан астам қызмет көрсетсе, оның 7 миллионы электрондық нұсқада. Сондай-ақ, өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Еркебұлан Әлсейітов жыл басынан қазірге дейін көрсетілген 1 млн. 600 мыңнан астам қызметтің 1 миллионы электронды нұсқада болғанын атап өтті.  Бүгінде азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің саны 621-ге жетіп отыр. Екі жыл ішінде азаматтарға автокөлікті қайта тіркеу бойынша 202 мыңға жуық қызмет көрсетіліп, 70 мыңдай жүргізуші куәлігі берілген. Ал 2018 жылдың басынан бері 62 мыңнан астам автокөлікті қайта тіркеу құжаты қабылданса, 13 мыңға жуық жүргізуші куәлігі тапсырылған. Департамент басшысының айтуынша, «Connection point» (өзіне-өзі қызмет ету секторы) жүйесі арқылы екі жыл ішінде 1 млн. 800 мың қызмет көрсетіліпті.

Ал проактивті қызметті (жаңа туған нәрестелерге «sms» арқылы туу туралы куәлік алу) 3 мыңнан астам ана қолданған. Екі жыл ішінде облыс бойынша ХҚКО мамандары мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйлеріне барып, 10 мыңға жуық қызмет көрсеткен.

Еркін ДОСЫМБАЙ,

Оңтүстік Қазақстан облысы