03 Желтоқсан, 2011

Ақ ниет, ашық көңіл көрінісі

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еуразия кіндігінде орын тепкен алып ел – Қазақстанның жер асты қойнауы қаншалықты бай болса, тарихы да соншалықты терең. Биыл ел Тәуелсіздігі 20 жылдық асудан асарда қарап бақсақ, ғасырға бергісіз жолдан өтіппіз. Ұлттық өрлеудің ұлы күші – Тәуелсіздік біздің халыққа ұлы жеңістер әкелді. Ең бастысы – егемендік алып, Тәуелсіздік туы тігілгелі Отанға, елін басқарған Елбасына деген ыстық сезім, патриоттық рухтың философиялық тамыры тереңдеп, үлкен мақтанышқа ұласты. Болашаққа деген сенім артты. Осы орайда әлем мойындаған маң даланың әлемді мойындатқан дара тұлғасы ретінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа «Халық Қаһарманы» атағын беру туралы шешімді ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттерді өскіндер бойына сіңіртіп, ата-бабадан қалған мол қазына, өшпес мұраны дарытып отырған орта мектеп, білім мекемелері ұжымдары қолдайды және ақ ниет, ізгі тілекпен құтты болсын айтады. Ұлттық рухани тәрбие нәрімен сусындаған бүгінгі ұрпақ – келешекті гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтушы ұрпақ. Осы жолда олар үшін Президент өмірі үлкен үлгі-өнеге. Яғни, ел тарихындағы Елбасының ерен еңбегі еркін елдің ертеңі – жас ұрпақтың қашанда жол көрсетер бағдаршамы болып қала беретіні күмәнсіз. Қаһарман халықтың дана ұлына берілмек «Халық Қаһарманы» жоғары атағы баршаңызға құтты болсын, ағайын! Хабиба ӘБІЛОВА, Білім беру ісінің құрметті қызметкері. Павлодар.