Аймақтар • 26 Сәуір, 2018

Өскемендегі зообаққа жабайы мысықтар әкелінді

1068 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өскемендегі зообаққа жабайы мысықтар әкелінді

Өскемендегі зообаққа жақында жұрт теледидардан ғана көріп жүретін, негізінен Африка, Үндістан мен Орта Азияның кейбір аймақтарын мекен ететін қарақал және сервал (бұта мысығы) деп аталатын жабайы мысықтар әкелініпті. Бұл жануарларды хайуанаттар бағына сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед сыйға тартқан екен.

Облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафты музей-қорығы фауна бөлімінің меңгерушісі Зайнетдин Шәмшиев қазір зообақтың су жаңа тұрғындарына арнайы вольерлер жасалып жатқанын, әзірге оларды көруге мүмкіндік жоқ екендігін айтады. Бұлардан бөлек зообақ биыл үш айлық екі қонжықпен толықтырылыпты. Қос қонжықты Ұлан ауданындағы Алғабас ауылының маңынан аңшылар тауып алған екен.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН